О внесении изменения в постановление акимата Толебийского района от 23 апреля 2020 года № 135 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Толебийского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Толебийского района от 23 апреля 2020 года № 135 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Толебийского района»
- Атауы (қаз.)
- «Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Төлеби ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 135 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 421
- Қабылданған күні
- 11.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2021 149920_512473.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UM005945
- ЭКБ идентификаторы
- 149920
- Редакция идентификаторы
- 149920_512473
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:10
0
«Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Төлеби ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 135 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №135 «Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5577 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 28 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулының 1,2,3 қосымшалары осы қаулының 1,2,3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Төлеби ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Дүйсебаевқа жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Төлеби ауданы
әкімдігінің 2020 жылғы
11 желтоқсандағы № 421
қаулысына 1-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
Төлеби аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жарық жол» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
54
1,8
1
2
Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Төлеби аудандық «Саябақтары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
63
1,6
1
9 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Төлеби ауданы әкімдігінің
«11» желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 421 қаулысына 2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
«Балмуздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
122
0,8
1
2
Төлеби аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Ленгір су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
106
0,9
1
3
Жеке кәсіпкер «Сахова Б.А.»
28
3,6
1
10 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Төлеби ауданы әкімдігінің
«11» желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 421 қаулысына 3-қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері(% жұмыскер лердің тізімдік саны)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ленгір қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны
303
0,3
1
2
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ленгір қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны
326
0,3
1
3
«Бірінші Мамыр жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
174
0,6
1
4
Түркістан облысының білім басқармасының «№8 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
122
0,8
1
5
Түркістан облысының білім басқармасының «Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
118
0,8
1