О внесении изменений в постановление акимата Нуринского района от 23 июня 2020 года № 17/01 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельских населенных пунктах, а также указанных специалистов, работающих в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Нуринского района от 23 июня 2020 года № 17/01 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельских населенных пунктах, а также указанных специалистов, работающих в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов»
- Атауы (қаз.)
- Нұра ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 17/01 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 06/01
- Қабылданған күні
- 17.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2023 178716_619609.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23KN636209
- ЭКБ идентификаторы
- 178716
- Редакция идентификаторы
- 178716_619609
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:22
0
Нұра ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 17/01 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Нұра ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 17/01 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5898 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесін белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерін алатын мамандардың лауазымдар тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Нұра аудандық мәслихаты
0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесі
2023 жылғы 17 ақпандағы
№ 06/01
қаулысына қосымша
Нұра ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 23 маусымдағы
№ 17/01
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесі
1 1. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
үйде қызмет көрсетілетін бөлімшесінің меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс бойынша консультант, барлық атаулардың әлеуметтік қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының басшысы, жұмыспен қамту орталығының мамандары.
2 2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары, мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркем басшысы, мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның сектор басшысы, кітапханашы, библиограф, бас есепші, есепші, экономист, редактор, дыбыс режиссеры, хореограф, музыкалық басшы, аудармашы, концертмейстер, инспектор, компьютерлік техниканың операторы, барлық атаулардың техниктері, хатшы, барлық атаулардың суретшісі, мәдени ұйымдастырушы, балетмейстер, хормейстер, дирижер, барлық атаулардың әдіскері, кітапхана меңгерушісі, программист, ауылдық маңызы бар бөлімнің басшысы.
3 3. Спорт мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары, нұсқаушы-спортшы.