Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-316/2020 «Об утверждении правил присвоения и пересмотра статуса научной организации в области здравоохранения, а также правил проведения оценки результативности научной, научно-технической и инновационной деятельности»

Бұйрық · № 67 · қабылданған 10.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2020-no-3162020-ekb-179653/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-316/2020 «Об утверждении правил присвоения и пересмотра статуса научной организации в области здравоохранения, а также правил проведения оценки результативности научной, научно-технической и инновационной деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 67 ·10.04.2023
10.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-316/2020 «Об утверждении правил присвоения и пересмотра статуса научной организации в области здравоохранения, а также правил проведения оценки результативности научной, научно-технической и инновационной деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 67 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-316/2020 «Об утверждении правил присвоения и пересмотра статуса научной организации в области здравоохранения, а также правил проведения оценки результативности научной, научно-технической и инновационной деятельности»
Атауы (қаз.)
«Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларын, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-316/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
67
Қабылданған күні
10.04.2023
Көрсетілген редакция
10.04.2023 179653_625667.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032280
ЭКБ идентификаторы
179653
Редакция идентификаторы
179653_625667
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:56

0 «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларын, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және

инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-316/2020
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларын, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-316/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 225-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адам ресурстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі

1 Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 10 сәуірдегі
№ 67 Бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-316/2020 бұйрығымен
бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе
беру және оны қайта қарау қағидалары

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 225-бабының 1–тармағына сәйкес әзірленді және ғылыми, ғылыми-техникалық ұйымның бағалау нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның инновациялық қызметтің мәртебесін беру және оны қайта қарау тәртібін айқындайды.

2

2. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесі «Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-117/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21385 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасы (бұдан әрі – Бұйрық) ескеріле отырып беріледі.

3 3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) ғылыми қызмет зерттелетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау және алған білімдерін практикада пайдалану мақсатында қоршаған болмысты зерттеуге бағытталған қызмет;

2

2) ғылыми-техникалық қызмет технологиялық, конструкторлық, экономикалық және әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылымның, техниканың және өндірістің барлық салаларында жаңа білім алуға және қолдануға, ғылымның, технологияның және өндірістің бірыңғай жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оны жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді қоса алғанда, бағытталған қызмет бұл зерттеулер;

3 3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым-денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;

4

4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі–уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасы (көмек) саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган);

5 5) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

6 6) инновациялық қызмет инновацияларды құруға бағытталған қызмет (зияткерлік шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, инфокоммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);

7

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылыми кеңесі (бұдан әрі – Ғылыми кеңес) – медициналық және фармацевтикалық ғылымды дамытуды жетілдіру, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру мақсатында құрылатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы консультациялық - кеңесші орган.

2 2 - тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру тәртібі

4 4. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру тәртібі мыналарды қамтиды:

1 1) денсаулық сақтау ұйымының уәкілетті органға ақпаратты көрсете отырып, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебе беру туралы ұсыныс енгізуі:

қолда бар ғылыми бөлімшелер мен ғылыми-зерттеу кадрлары туралы;
соңғы 3 жылдағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігі туралы;

2 2) уәкілетті органның Ғылыми кеңесінің (бұдан әрі – Ғылыми кеңес) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру туралы ұсынысты 60 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

денсаулық сақтау ұйымының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің әлеуетіне бағалауды жүргізу;
денсаулық сақтау ұйымының осы Қағидалардың 9 – тармағында көрсетілген кадрлық зерттеу қызметінен түсетін табыстарға қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалауды, сондай-ақ соңғы 3 жылда ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалауды жүргізу;

3 3) Ғылыми кеңестің мынадай шешімдердің бірін қабылдауы:

денсаулық сақтау ұйымының оған денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынысын мақұлдау туралы;
денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынысына мақұлдау (негіздемемен) беруден бас тарту туралы.

5

5. Ғылыми кеңес ұйым осы Қағиданың 9-тармағына көрсетілген талаптарға сәйкес келген және соңғы үш жылда Web of Science (Веб оф Cайнс), Scopus (Скопус), Springer-дегі (Спрингер) жарияланымдар саны және ғылыми жұмыстарды дәйексөз ету сияқты ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау индикаторлары бойынша белсенділігі болған кезде денсаулық сақтау ұйымына Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынымды мақұлдайды.

6

6. Қағидалардың 7 және 9-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген және Web of Science (Веб оф Cайнс), Scopus (Скопус), Springer-дегі (Спрингер) жарияланымдар саны және ғылыми жұмыстардан дәйексөз алу сияқты ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау индикаторлары бойынша соңғы үш жылда белсенділік болмаған кезде денсаулық сақтау ұйымына Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынысқа мақұлдау (негіздемемен) беруден бас тартады.

7

7. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің әлеуеттің бағалау ұйымның құрылымында денсаулық сақтау ұйымы ұсынған Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ғылыми бөлімшелердің, жабдықтар мен жарақтардың, сондай-ақ өндірістік персоналдың жалпы санының кемінде 10% – құрайтын ғылыми-зерттеу кадрларының болуы туралы ақпаратты талдау негізінде жүзеге асырылады кемінде 50% ғылыми-зерттеу кадрларының болуы туралы ақпаратты талдау негізінде жүзеге асырылады:

1 1) ғылым докторы және (немесе) кандидаты және (немесе) философия докторы және (немесе) бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелері;

2 2) соңғы 5 жылдағы Web of Science (Веб-оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) және Хирштің нөлдік емес индексінде индекстелген басылымдарда кемінде 1 жарияланым;

3 3) ғылыми-зерттеу қызметінің жалпы өтілімі кемінде 5 жыл тәжірибесі.

8 8. Денсаулық сақтау ұйымының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау Кодекстің 225-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

9 9. Денсаулық сақтау ұйымы кадрлық әлеуетке және ғылыми және инновациялық қызметтен және зерттеу қызметінің түрлерінен түсетін кірітерге қойылатын (биомедициналық, әлеметтенушілік және талдамалық зерттеулер)мынадай талаптарға сәйкестігін растайды:

1 1) денсаулық сақтау ұйымының өндірістік персоналының жалпы санынан өндірістік персонал қатарынан ғылыми қызметкерлердің, сондай-ақ уақытша ғылыми ұжымдарға мүше қызметкерлер үлесі кемінде 10% құрайды;

2 2) ұйымның жалпы бюджетіндегі ғылыми және инновациялық қызметтен түсетін кірістердің үлесі:

клиникалық бейінді ұйымдастыру үшін – кемінде 0,5%;
клиникалық емес бейінді ұйымдастыру үшін – кемінде 5%.

10 10. Ғылыми кеңестің мақұлдауы негізінде уәкілетті орган:

1 1) құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен денсаулық сақтау ұйымын ғылыми ұйым деп қайта атау туралы шешімнің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді;

2 2) құрылтайшысы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты денсаулық сақтау ұйымын ғылыми ұйым деп қайта атау туралы тиісті өңірдің әкімдігіне ұсыныс жібереді;

3 3) мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты олардың құрылтайшыларына (қатысушыларына) заңды тұлғаны ғылыми ұйым деп қайта атау туралы ұсыныс жібереді.

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесі мерзімсіз беріледі және осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен кері қайтарылып алынды.

3 3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесін қайта қарау тәртібі

11 11. Ғылыми кеңес жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау нәтижелерін қарайды.

12

12. Ғылыми кеңес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау нәтижелерін қарау жөніндегі отырыстан кейін 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы бағаланатын ғылыми ұйымнан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебені қайтарып алуды ұсынады:

1

1) соңғы 3 жылда ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің төрт және одан да көп индикаторлары бойынша теріс динамиканың болуы және (немесе) белсенділіктің болмауы (ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалаудың деректері бойынша, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелігін бағалауды жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізілетін, осы бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген);

2 2) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның соңғы 3 жыл ішінде осы Қағидалардың 9 – тармағында көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келмеуі (ұйымның даму жоспарларын орындау жөніндегі ғылыми ұйымдардың есептерінің деректері бойынша).

13 13. Уәкілетті орган 10 жұмыс күні ішінде ғылыми ұйымның мәртебесін қайтарып алу туралы Ғылыми кеңестің ұсынысы негізінде:

1 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесінен айыра отырып, денсаулық сақтау ұйымын қайта атау туралы өтінішхат Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді;

2

2) құрылтайшылары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдары болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты денсаулық сақтау ұйымынан Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесін кері қайтарып алу туралы бұйрық шығарады.

14 14. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беруге мақұлдау беруден бас тарту немесе ғылыми ұйым мәртебесін қайтарып алу туралы Ғылыми кеңестің шешімімен келіспеген кезде денсаулық сақтау ұйымы 20 жұмыс күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға шағым береді.

15 15. Ғылыми кеңестің шешімдеріне шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия «Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 658 қаулысына сәйкес қызметті жүзеге асырады.

16 16. Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) уәкілетті органға денсаулық сақтау ұйымының ғылыми ұйым мәртебесін беруге мақұлдау беруден бас тартуға немесе ғылыми ұйым мәртебесін қайтарып алуға қатысты шағымын қанағаттандыруға ұсынылсын;

2 2) шағымды қанағаттандырудан бас тартылсын.

17 17. Апелляциялық комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

Апелляциялық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағым жасалады.

2 Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидалары

Бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-316/2020 бұйрығымен
бекітілген
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 225-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) журналдың импакт-факторы – алдыңғы екі жылда осы журналда жарияланған мақалаларға журналдың ағымдағы жылы алған сілтемелер санының осы алдыңғы екі жылда осы журналда жарияланған мақалалар санына қатынасы ретінде есептелетін ғылыми журналдың маңыздылығының формальды сандық көрсеткіші.

2 2) Хирша индексі немесе h-индекс – ғалымның ғылымиметрикалық көрсеткіші. Хирш индексі осы зерттеушінің еңбектерінің дәйексөздерін бөлу негізінде есептеледі: ғалым h-индекске ие, егер оның N мақалаларынан h кем дегенде әр рет келтірілсе, ал оның мақалаларының қалған N–h әрқайсысы h-дан аспайды;

3

3) квартиль (Q) — дәйексөзділік деңгейін, яғни журналдың ғылыми қоғамдастыққа қажеттілігін көрсететін библиометрикалық көрсеткіштермен анықталатын ғылыми журналдардың категориясы. Арнайы пәндік сала бойынша журналдар тиісті көрсеткіштің кемуі бойынша сараланады (журналдың импакт-факторы немесе SJR нормаланған индексі) және тізім 4 тең бөлікке бөлінеді. Рейтинг нәтижесінде әр журнал төрт квартильдің біріне енеді: Q1-ден (ең жоғары, ең беделді шетелдік журналдарға жатады) Q4-ке дейін (ең төмен);

4

4) нормаланған SJR индексі (Scimago Journal Ranking) – ғылыми журнал маңыздылығының формальды сандық көрсеткіші, оны есептеу кезінде дәйексөздердің жалпы саны ғана емес, сонымен қатар жылдар бойынша дәйексөздердің салмақталған көрсеткіштері және сілтемелердің беделі сияқты сапалық көрсеткіштер ескеріледі. Нормаланған SJR индексін SCImago зерттеу тобы есептейді, ол Scopus дерекқорында индекстелген журналдар үшін визуализация әдістері арқылы ақпаратты талдаумен, презентациямен және іздеумен айналысады;

5 5) есепті кезең – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігі бағаланатын уақыт аралығы өткен жыл үшін 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралағында есептеледі;

6 6) бағаланатын ұйым – ғылыми және инновациялық қызметтің индикаторлары мен көрсеткіштері бойынша деректерді ұсынатын нақты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым;

7

7) өндірістік персонал – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми бөлімшелерінің және оқытушы профессорлар құрамының қызметкерлері, сондай-ақ жоғары оқу орны аурухананың және клиникалық бейіндегі денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның клиникалық бөлімшелерінің қызметкерлері, медициналық және фармацевтикалық қызметті, қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелердің персоналы, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми клиникалық емес бейінді денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар (қызмет көрсетушіні қоспағанда, оқу-көмекші және орта медицина персоналы);

8 8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;

9 9) ғылыми қызмет – зерделенетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында айналадағы болмысты зерделеуге және алынған білімді практикада пайдалануға бағытталған қызмет;

10

10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

11

11) ғылыми-техникалық қызмет – технологиялық, конструкторлық, экономикалық және әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылымның, техника мен өндірістің барлық саласында жаңа білім алуға және оны қолдануға, осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технология мен өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;

12 12) инновациялық қызмет – инновацияларды құруға бағытталған қызмет (ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, ақпараттықкоммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);

13 13) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны.

2 2-тарау. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу тәртібі

3 3. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау:

1 1) өндірістік персоналдың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша;

2 2) клиникалық практика жағдайындағы инновациялық қызмет деңгейі бойынша;

3 3) білім алушылардың (студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

4

4. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілік индикаторларын бағалау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиімділігін бағалау жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) уәкілетті органмен анықталады. Жұмыс органы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиімділігін бағалау процедурасын ұйымдастыру және техникалық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады.

5 5. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың ғылыми және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалау кезінде:

1 1) өндірістік персоналдың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша мынадай формула пайдаланылады:

Sa = I1 × Q1 + I2 × Q2 + I3 × Q3 + I4 × Q4 + I5 × Q5 + I6 × Q6,
мұндағы Sa-өндірістік персоналдың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның ғылыми және инновациялық қызметінің нәтижелігін жиынтық баға;
I1, .... I6-осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-6 индикаторлары бойынша бағалау сомасы;
Q1, .... Q6-тиісті индикаторлардың салмақ коэффициенттері.

2 2) клиникалық практика жағдайындағы инновациялық қызмет деңгейі бойынша мынадай формула бойынша айқындалады:

Sb = I7,
мұндағы Sb -клиникалық бейінді денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның және құрамында университеттік ауруханасы бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының клиникалық практикасы жағдайындағы инновациялық қызметтің нәтижелілігін жиынтық бағалау;
I7-осы Қағидаларға 1-қосымшаның 7-индикаторы бойынша бағалау сомасы;

3 3) білім алушылардың (студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша мынадай формула бойынша айқындалады:

Sc = I8 × Q8 + I9 × Q9 + I10 × Q10 + I11 × Q11,
мұндағы Sc-білім алушылардың (студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның ғылыми және инновациялық қызметінің нәтижелілігін жиынтық бағалау;
I8, .... I11-осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-11 индикаторлары бойынша бағалау сомасы;
Q8, .... Q11 - тиісті индикаторлардың салмақ коэффициенттері.

6

6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар индикаторлар бойынша ақпаратты қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ әрбір индикатор бойынша растаушы құжаттардың сканерленген көшірмелерінің тізбесі мен электрондық архивін (электрондық архив жекелеген индикаторлар мен көрсеткіштер бөлінісінде қалыптастырылады) есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейін жұмыс органына ұсынады. Жұмыс органы уәкілетті органмен келісім бойынша индикаторлар туралы ақпарат ұсынылатын нысанды анықтайды.
Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және ғылыми ұйымдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес индикаторларды есепке алу шарттарында және жеке көрсеткіштер бойынша растайтын құжаттар тізбесінде көрсетілген талаптарға сәйкес растайды.

7 7. Бағаланатын ұйым индикаторлар бойынша ақпарат растаушы құжаттарды ұсынбаған ғылыми өнім саралау нәтижелерін есептеу кезінде ескерілмейді және авторлар растаушы құжаттарды неғұрлым кеш алған жағдайда келесі есепті кезеңнің көрсеткіштеріне есептеледі.

8 8. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелері бойынша Рейтинг үш санат шеңберінде жүзеге асырылады:

1 1) клиникалық бейінді денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;

2 2) клиникалық емес бейінді денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;

3 3) денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары.

9 9. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың клиникалық практикасы жағдайында инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау екі санат шеңберінде жүзеге асырылады:

1 1) клиникалық бейінді Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;

2 2) өз құрамында университеттік ауруханасы бар денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары.

10

10. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау нәтижелері уәкілетті органның ғылыми кеңесінде қаралады және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесін қайта қарау үшін негіз болады.

11

11. Жұмыс органы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау нәтижелері уәкілетті органның Ғылыми кеңесінің қарауына енгізілгенге дейін, кемінде 10 жұмыс күні бұрын өзінің ресми сайтында бағаланатын ұйымдар ұсынатын растайтын құжаттардың индикаторларды есепке алу шарттарына сәйкестігін тексеру нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ растайтын құжаттарды жүргізілген тексеру нәтижелері туралы бағаланатын ұйымдарды хабардар етеді.
Бағаланатын ұйымдар (растайтын құжаттарды тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда) растайтын құжаттардың сәйкестігін тексеру нәтижелері жұмыс органының ресми сайтында орналастырылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жұмыс органына өзінің келіспейтіндігі туралы негізделген ұстанымды және (немесе) қосымша растайтын құжаттарды ұсынады. Жұмыс органы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелерін 5 жұмыс күні ішінде бағаланатын ұйымға жазбаша түрде жеткізеді.

12 12. Жұмыс органы уәкілетті органның Ғылыми кеңесінің отырысынан кейін 3 жұмыс күні ішінде өзінің ресми сайтында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелігін бағалау нәтижелерін жариялайды.

2.1 Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелік индикаторларын бағалау тәртібі

Ғылыми, ғылыми-техникалық
және инновациялық қызметінің
нәтижелілігін бағалауды
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің
нәтижелік индикаторларын бағалау тәртібі

Ин­ди­ка­тор­дың ата­уы
Ин­ди­ка­тор ком­по­нент­те­рін ба­ға­лау ал­го­рит­мі
Ин­ди­ка­тор бой­ын­ша жиын­тық ба­ға­ла­уды есеп­теу те­ті­гі
Сал­мақ ко­эф­фи­ци­ен­ті

Ин­ди­ка­тор­ды ба­ға­лау ком­по­нент­те­рі
Өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың ғы­лы­ми, ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық және ин­но­ва­ци­я­лық қыз­ме­ті­нің ин­ди­ка­тор­ла­ры
1
Ғы­лы­ми зерт­те­улер­ден түс­кен пай­да кө­ле­мі
(1.1-1.5 көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша бал­дар со­ма­сы) / (ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­да­ғы өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың то­лық став­ка­ла­ры­ның са­ны)
0,1
1.1
Есеп­ті жы­лы бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лық-ны­са­на­лы қар­жы­лан­ды­ру шең­бе­рін­де зерт­те­улер жүр­гізу­ге тар­ты­л­ған қар­жы қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі
Әр­бір 500 мың тең­ге үшін: 0,2 балл × k11 бе­рі­ле­ді
1.2
Есеп­ті жы­лы грант­тық (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі та­ра­пы­нан) шең­бе­рін­де зерт­те­улер жүр­гізу­ге тар­ты­л­ған қар­жы қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі
Әр­бір 500 мың тең­ге үшін: 0,2 балл × k1 бе­рі­ле­ді
1.3
Есеп­ті жы­лы грант­тық қар­жы­лан­ды­ру шең­бе­рін­де зерт­те­улер жүр­гізу­ге тар­ты­л­ған қар­жы қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент­те­рі және ше­тел­дік грант бе­ру­ші­лер та­ра­пы­нан)
Әр­бір 500 мың тең­ге үшін: 0,3 балл × k1 бе­рі­ле­ді
1.4
Есеп­ті жы­лы қар­жы­лан­ды­ру­дың өзге ны­сан­да­ры шең­бе­рін­де зерт­те­улер жүр­гізу­ге тар­ты­л­ған қар­жы қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі
Әр­бір 500 мың тең­ге үшін: 0,1 балл × k1 бе­рі­ле­ді
1.5
Есеп­ті жы­лы ба­ста­ма­шы­лық зерт­те­улер шең­бе­рін­де зерт­те­улер жүр­гізу­ге (өзін-өзі қар­жы­лан­ды­ру­ға) тар­ты­л­ған қар­жы қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі
Әр­бір 500 мың тең­ге үшін: 0,15 балл бе­рі­ле­ді
2
Web of Science(Веб оф Сайнс), Scopus(Ско­пус), Springer (Сприн­гер) жа­ри­я­ла­ным­дар­дың са­ны
(2.1-2.3 көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша бал­дар со­ма­сы) / (ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­да­ғы өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың то­лық став­ка­ла­ры­ның са­ны)
0,25
2.1
Ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар­да­ғы, Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Ско­пус), Springer (Сприн­гер) де­ректер ба­за­сын­да­ғы ма­қа­ла­лар
1 ма­қа­ла үшін: 10 балл × k2.1 × k2.2×k2.3 бе­рі­ле­ді
2.2
Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Ско­пус), Springer (Сприн­гер) де­ректер ба­за­сын­да ин­дек­с­те­ле­тін ғы­лы­ми мо­но­гра­фи­я­лар
1 мо­но­гра­фия үшін: 200 балл × k2.3 бе­рі­ле­ді
2.3
Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Ско­пус), Springer (Сприн­гер) де­ректер ба­за­сын­да ин­дек­с­те­ле­тін ұжым­дық мо­но­гра­фи­я­лар­да­ғы та­ра­у­лар
Негіз­гі мо­но­гра­фия үшін: 50 × k2.3 балл бе­рі­ле­ді
2.4
Кон­фе­рен­ция ма­те­ри­ал­да­рын қо­с­па­ған­да, қы­сқа Жа­ри­я­ла­ным­дар (ре­дак­ци­я­ға хат, хат-ха­бар, тү­сі­нік­те­ме, тү­сі­нік­те­ме­ге жа­у­ап және т. б.)
1 жа­ри­я­ла­ным үшін: 1 балл × k2.1 × k2.2×k2.3 бе­рі­ле­ді
3
Ғы­лы­ми жұ­мыстар­дың дәй­ек­сө­зде­рі
[(3.1-3.2 көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша бал­дар со­ма­сы) / (ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­да­ғы өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың то­лық став­ка­ла­ры­ның са­ны)] + [3.3-3.4 ин­ди­ка­тор­ла­ры бой­ын­ша бал­дар со­ма­сы]
0,25
3.1
Web of Science (Веб оф Сайнс) неме­се Scopus (Ско­пус) де­ректе­рі бой­ын­ша есеп­ті жы­лы ғы­лы­ми жұ­мыстар­дың дәй­ек­сөз кел­ті­ру­ле­рі­нің са­ны (соң­ғы 5 жыл ішін­де жа­ри­я­лан­ған) (ғы­лы­ми жұ­мысты дәй­ек­сөз кел­ті­ру ту­ра­лы де­ректер болған кез­де екі де­рекқор­да да дәй­ек­сөз ең жо­ға­ры мәні бар де­рекқор­дан алын­ған мән пай­да­ла­ны­ла­ды)
1 дәй­ек­сөз үшін: 5 балл × k3.1бе­рі­ле­ді
3.2
Google Scholar (Гугл Ску­лар) мә­лі­мет­те­рі бой­ын­ша есеп­ті жы­лы ғы­лы­ми жұ­мыстар­дың дәй­ек­сө­зде­рі­нің са­ны (соң­ғы 5 жыл ішін­де жа­ри­я­лан­ған)
1 дәй­ек­сөз үшін: 0,5 × k3.1балл бе­і­ле­ді
3.3
Web of Science (Веб оф Сайнс) неме­се Scopus (Ско­пус) де­ректе­рі бой­ын­ша өн­ді­рі­стік пер­со­на­лы­ның Хир­ша ин­дек­сі­нің квад­рат­та­ры­ның ор­та­ша мәні (қыз­мет­кер­де Хир­ша ин­дек­сі­нің бо­луы ту­ра­лы де­ректер болған кез­де екі де­рекқор­да Хир­ша ин­дек­сі ең жо­ға­ры мәні бар де­рекқор­дан алын­ған мән пай­да­ла­ны­ла­ды) есеп­ті жыл­дың со­ңы­на
1 балл × Хирш ор­та­ша ин­дек­сі
3.4
Google Scholar (Гугл Ску­лар) мә­лі­мет­те­рі бой­ын­ша есеп­ті жыл­дың со­ңын­да­ғы өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың Хир­ша ин­дек­сі­нің квад­рат­та­ры­ның ор­та­ша мәні.
0,5 балл × ин­декс Хирш зерт­те­у­ші ин­дек­сі
4
Па­тент­тер мен өзге де қор­ғау құ­жат­та­ры­ның са­ны (ұй­ым­ның өзі па­тент ие­ле­ну­ші ре­т­ін­де көр­се­ті­л­ген)
(4.1-4.3 көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша бал­дар со­ма­сы) / (ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­да­ғы өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың то­лық став­ка­ла­ры­ның са­ны)
0,15
4.1
Есеп­ті жы­лы ше­тел­дік неме­се ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тік агент­тіктер бер­ген па­тент­тер
1 па­тент үшін: 100 балл × k4 бе­рі­ле­ді
4.2
Есеп­ті жы­лы өнер­та­быс­қа, пай­да­лы мо­дель­ге ҚР па­тент­те­рі
1 па­тент үшін: 50 балл бе­рі­ле­ді
4.3
Есеп­тік жыл­да зи­ят­кер­лік мен­шік объ­ек­ті­сін тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік
1 ку­ә­лік үшін: 3 балл бе­рі­ле­ді
5
Ғы­лы­ми зерт­те­улер нәти­же­ле­рін және ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­ті ком­мер­ци­я­лан­ды­ру дең­гейі
5.1 көр­сет­кі­ші бой­ын­ша бал­дар со­ма­сы / ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­да­ғы өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың то­лық став­ка­ла­ры­ның са­ны
0,15
5.1
Ғы­лы­ми әзір­ле­ме­лер­ді және ин­но­ва­ци­я­лар­ды ком­мер­ци­я­лан­ды­ру­дан есеп­ті жы­лы алын­ған пай­да кө­ле­мі (соң­ғы 3 жыл ішін­де ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­ның құқық ие­ле­ну­і­мен қор­ғау құ­жа­ты алын­ған)
әр­бір 500 мың тең­ге пай­да үшін 0,2 балл бе­рі­ле­ді
6
Ха­лы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­лар және ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­ті фо­рум­дар­ға қа­ты­су дең­гейі
5.1 көр­сет­кі­ші бой­ын­ша бал­дар со­ма­сы / ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­да­ғы өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың то­лық став­ка­ла­ры­ның са­ны
0,1
6.1
Web of Knowledge (Веб оф Но­уледж) және Scopus (Ско­пус) ғы­лы­ми ақ­па­ра­ты­ның де­рекқо­рын­да ин­дек­с­те­ле­тін ха­лы­қа­ра­лық ғы­лы­ми кон­фе­рен­ци­я­лар Conference Proceedings (Кон­фе­ренс Про­це­сингс)ма­те­ри­ал­да­ры­ның жи­нақ­та­рын­да­ғы Жа­ри­я­ла­ным­дар (те­зи­стер, ма­қа­ла­лар) са­ны.
Әр­бір жа­ри­я­ла­ным үшін: 10 балл × k6 бе­рі­ле­ді
Кли­ни­ка­лық прак­ти­ка жағ­дай­ын­да­ғы ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет ин­ди­ка­тор­ла­ры
7
Кли­ни­ка­лық прак­ти­ка жағ­дай­ын­да­ғы ин­но­ва­ци­я­лық бел­сен­ді­лік дең­гейі
(7.1-7.3 көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша балл­дар со­ма­сы) / (ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­да­ғы өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың то­лық став­ка­ла­ры­ның са­ны)
-
7.1
Есеп­ті жы­лы ұй­ым­да орын­да­ла­тын жо­ға­ры тех­но­ло­ги­я­лық ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің (бұ­дан әрі – ЖТМҚ) са­ны әр­бір
әр­бір ЖТМҚ үшін 10 балл бе­рі­ле­ді
7.2
Ғы­лы­ми ұй­ым­ның / уни­вер­си­тет­тік ау­ру­ха­на­ның қыз­мет­кер­ле­рі есеп­ті жы­лы об­лы­стар­дың, Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның, Аста­на қа­ла­сы­ның, Шым­кент қа­ла­сы­ның Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның прак­ти­ка­лық қыз­ме­тіне сәт­ті ен­гіз­ген ЖТМҚ түр­ле­рі­нің (код­та­ры­ның) және өңір­лер­дің са­ны
әр­бір ЖТМҚ үшін 2 балл
бе­рі­ле­ді
7.3
Есеп­ті жы­лы ба­ста­ма­шы­сы ҒЗИ болған ДСМ бе­кіт­кен ЖТМҚ жа­ңа түр­ле­рі­нің (код­та­ры­ның) са­ны
әр­бір ЖТМҚ үшін 12 балл бе­рі­ле­ді
Бі­лім алушы­лар­дың (сту­дент­тер­дің, ин­терн­дер­дің, ре­зи­дент­тер­дің, ма­ги­странт­тар­дың, док­то­рант­тар­дың)ғы­лы­ми, ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық және ин­но­ва­ци­я­лық қыз­ме­ті­нің ин­ди­ка­тор­ла­ры
8
Web of Science (Вебф Сайнс), Scopus (Ско­пус), Springer (Сприн­гер) жа­ри­я­ла­ным­дар са­ны
(көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша балл­дар со­ма­сы 8.1-8.2) / (ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­да­ғы ре­зи­дент­тер­дің, ма­ги­странт­тар­дың, док­то­рант­тар­дың ор­та­ша жыл­дық са­ны)
0,3
8.1
ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар­да­ғы, Web of Science (Вебф Сайнс), Scopus (Ско­пус), Springer (Сприн­гер) де­ректер ба­за­сын­да­ғы ма­қа­ла­лар
1 ма­қа­ла үшін
10 балл × k8.1 × k8.2× k8.3
бе­рі­ле­ді
8.2
Қы­сқа жа­ри­я­ла­ным­дар (ре­дак­ци­я­ға хат, хат-ха­бар, тү­сі­нік­те­ме, тү­сі­нік­те­ме­ге жа­у­ап және т. б.), кон­фе­рен­ция ма­те­ри­ал­да­рын қо­с­па­ған­да
1 жа­ри­я­ла­ным­ға
1 балл × k2.1 × k2.2бе­рі­ле­ді
9
Ғы­лы­ми жұ­мыстар­дың дәй­ек­сө­зде­рі
(9.1-9.2 көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша балл­дар со­ма­сы) /(ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­да­ғы ре­зи­дент­тер­дің, ма­ги­странт­тар­дың, док­то­рант­тар­дың ор­та­ша жыл­дық са­ны)
0,3
9.1
Web of Science (Веб оф Сайнс) неме­се Scopus (Ско­пус) де­ректе­рі бой­ын­ша есеп­ті жы­лы ғы­лы­ми жұ­мыстар­дың дәй­ек­сөз кел­ті­ру­ле­рі­нің са­ны (соң­ғы 5 жыл ішін­де жа­ри­я­лан­ған) (ғы­лы­ми жұ­мысты дәй­ек­сөз кел­ті­ру ту­ра­лы де­ректер болған кез­де екі де­рекқор­да да дәй­ек­сөз ең жо­ға­ры мәні бар де­рекқор­дан алын­ған мән пай­да­ла­ны­ла­ды)
1 Дәй­ек­сөз үшін 5 балл × × k9.1
бе­рі­ле­ді
9.2
Google Scholar (Гугл Ску­лар) мә­лі­мет­те­рі бой­ын­ша есеп­ті жы­лы ғы­лы­ми жұ­мыстар­дың дәй­ек­сө­зде­рі­нің са­ны (соң­ғы 5 жыл ішін­де жа­ри­я­лан­ған)
1 Дәй­ек­сөз үшін 0,5 балл× k9.1
бе­рі­ле­ді
10
Па­тент­тер мен өзге де қор­ғау құ­жат­та­ры­ның са­ны (ұй­ым­ның өзі па­тент ие­ле­ну­ші ре­т­ін­де көр­се­ті­л­ген)
(10.1-10.3 көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша бал­дар со­ма­сы) / (ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­да­ғы ре­зи­дент­тер­дің, ма­ги­странт­тар­дың,
0,2
10.1
док­то­рант­тар­дың ор­та­ша жыл­дық са­ны)Есеп­ті жы­лы ше­тел­дік неме­се ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тік агент­тіктер бер­ген па­тент­тер
1 па­тент үшін:
100 балл× k10
10.2
Есеп­ті жы­лы өнер­та­быс­қа, пай­да­лы мо­дель­ге ҚР па­тент­те­рі
1 па­тент үшін:
50 балл
10.3
Есеп­тік жыл­да зи­ят­кер­лік мен­шік объ­ек­ті­сін тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік
1 ку­ә­лік бе­рі­ле­ді:
3 балл
11
Ха­лы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­лар мен фо­рум­дар­ға қа­ты­су дең­гейі
(11.1-11.6 көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша бал­дар со­ма­сы) / (ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­да­ғы ре­зи­дент­тер­дің, ма­ги­странт­тар­дың, док­то­рант­тар­дың ор­та­ша жыл­дық са­ны)
0,2
11.1
ауыз­ша ба­ян­да­ма­мен (ше­тел­ге шы­ғу­мен)
1 ба­ян­да­ма үшін 6 балл бе­рі­ле­ді
11.2
по­стер­лік ба­ян­да­ма­мен (ше­тел­ге шы­ғу­мен)
1 ба­ян­да­ма үшін 4 балл бе­рі­ле­ді
11.3
ауыз­ша ба­ян­да­ма­мен (ҚР ау­ма­ғын­да)
1 ба­ян­да­ма үшін 2 балл бе­рі­ле­ді
11.4
по­стер­лік ба­ян­да­ма­мен (ҚР ау­ма­ғын­да)
1 ба­ян­да­ма үшін 1 балл бе­рі­ле­ді
11.5
Web of Science (Вебф оф Сайнс) неме­се Scopus (Ско­пус) ғы­лы­ми ақ­па­рат­тың де­рекқо­рын­да ин­дек­с­те­ле­тін ха­лы­қа­ра­лық ғы­лы­ми кон­фе­рен­ци­я­лар (Conference Proceedings) ма­те­ри­ал­да­ры­ның жи­нақ­та­рын­да­ғы жа­ри­я­ла­ным­дар­дың (те­зи­стер­дің, ма­қа­ла­лар­дың) са­ны
әр­бір жа­ри­я­ла­ным үшін 10 балл × k11 бе­рі­ле­ді
11.6
ҚР және ТМД ел­де­рі­нің ғы­лы­ми ақ­па­рат­та­ры­ның де­ректер ба­за­сы­мен ин­дек­с­те­ле­тін кон­фе­рен­ция ма­те­ри­ал­да­ры­ның жи­на­ғын­да те­зи­сті (ма­қа­ла­ны) жа­ри­я­ла­у­мен
1 те­зис­ке 0,5 балл бе­рі­ле­ді
Ескертпе:
1. k1 = 0,1 коэффициенті ұйым дербес игерілетін қаражат көлемін шегергенде, бас ұйым ретінде басқаратын қаражат көлеміне қолданылады. Ұйым өз бетінше игеретін қаражат көлеміне қатысты k1 коэффициенті қолданылмайды (мысалы, ұйым бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды 10 000 мың теңгесін алады, оның ішінде өзі 1 000 мың теңгені игереді, ал 9 000 мың теңгені бірлесіп орындаушыларға береді. Есептеу формуласы келесідей болады– ((1000/500)×0,2)+(9000/500)×0,2×0,1).
2. 2, 3, 8 және 9 индикаторлар үшін авторлар немесе авторлардың бірі бағаланатын ұйыммен үлестес басылымдар ескеріледі (жарияланымда автордың бағаланатын ұйымға тиесілігі көрсетілген).
3. k 2. 1 = 1 Егер журналда Q4 квартилі болса; k 2. 1 = 10 Егер журналда Q3 квартилі болса; k 2. 1 = 20 егер журналда Q2 квартилі болса; k 2. 1 = 30 егер журналда Q1 квартилі болса.
4. k2.2 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым мемлекеттік, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланған болса қолданылады.
5. k2.3 = 1 коэффициенті бағаланатын ұйыммен аффилиирленген автор «correspondence author» болып табылатын немесе алғашқы бес автордың қатарына кіретін мақалалар мен қысқа Жарияланымдар үшін қолданылады, ал монографиялар мен монографиялар бағандары үшін – бағаланатын ұйыммен аффилиирленген автор алғашқы он автордың қатарына кіреді; басқа жағдайларда k2.3 = 0,5.
6. k3.1 = 1 коэффициенті бағаланатын ұйыммен аффилиирленген автор «correspondence author» болып табылатын немесе алғашқы бес автордың қатарына кіретін, ал монографиялар мен монографиялар графиктері үшін – бағаланатын ұйыммен аффилиирленген автор алғашқы он автордың қатарына кіретін ғылыми жұмыстар үшін қолданылады; өзге жағдайларда k3. 1 = 0,5.
7. Өндірістік персоналдың Хирш индексі квадраттарының орташа мәні = (h1)2+(h2)2+(h3)2+…(hn)2/n формуласы бойынша есептеледі, мұндағы h1, h2, h3, …hn – өндірістік персоналдың жекелеген жеке тұлғаларының Хирш индекстері, n – лауазымдарды атқаратын жеке тұлғалардың саны өнімді персонал.
8. k4 = 1,5 коэффициенті патент Web of Science дерекқорына енгізілген жағдайда қолданылады.
9. k6 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым қазақ тілі, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланған болса қолданылады.
10. Индикатор компоненті үшін 7.2-қордан тиісті төлеммен расталған. Денсаулық сақтау ұйымында әрбір жекелеген облыста, Алматы қаласында, Астана қаласында, Шымкент қаласында табысты енгізілген әрбір ЖТМҚ үшін киінген балл беріледі-2 балл
11. k8. 1 = 1 коэффициенті егер журналда Q4 квартилі болса; k8.1 = 10 Егер журналда Q3 квартилі болса; k8.1 = 20 егер журналда Q2 квартилі болса; k8.1 = 30 егер журналда Q1 квартилі болса.
12. k8.2 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым қазақ тілі, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланған болса қолданылады.
13. k8. 3 = 1 коэффициенті бағаланатын ұйыммен аффилиирленген автор «correspondence author» болып табылатын немесе алғашқы бес автордың қатарына кіретін мақалалар мен қысқа Жарияланымдар үшін қолданылады; басқа жағдайларда k8.3 = 0,5.
14. k9.1 = 1 коэффициенті бағаланатын ұйыммен аффилиирленген автор «correspondence author» болып табылатын немесе алғашқы бес автордың қатарына кіретін ғылыми жұмыстар үшін қолданылады; басқа жағдайларда k9.1 = 0,5.
15. k10 = 1,5 коэффициенті патент Web of Science дерекқорына енгізілген жағдайда қолданылады.
16. k11 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым мемлекеттік, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланған болса қолданылады.

2.2 Индикаторларды есепке алу шарттары және жекелеген индикаторлар бойынша растайтын құжаттардың тізімі

Ғылыми, ғылыми-техникалық
және инновациялық қызметінің
нәтижелілігін бағалауды
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Индикаторларды есепке алу шарттары және жекелеген
индикаторлар бойынша растайтын құжаттардың тізімі

Ин­ди­ка­тор­дың ата­уы
Ба­ға­ла­на­тын ұй­ым ұсы­на­тын рас­тай­тын құ­жат­тар
1
Ғы­лы­ми зерт­те­улер­ден түс­кен пай­да кө­ле­мі
1. Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі, іс­ке асы­ру мер­зім­де­рі, қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі, бір­ле­сіп орын­да­у­шы­лар/се­рік­те­стер көр­се­ті­л­ген ғы­лы­ми бағ­дар­ла­ма­лар мен жо­ба­лар­дың тіз­бе­сі;
2. Ұлт­тық ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық ақ­па­рат ор­та­лы­ғын­да ғы­лы­ми зерт­теу та­қы­ры­бы­ның тір­кел­ге­нін рас­тау;
3. Қар­жы­лан­ды­ру­шы ұй­ым­мен жа­сал­ған шар­ттың кө­шір­ме­сі
2
Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Ско­пус), Springer (Сприн­гер)-та­ғы жа­ри­я­ла­ным­дар­дың са­ны
1. Шы­ғу де­ректе­рі, жур­нал квар­ти­лі және жур­нал ин­дек­с­те­ле­тін мә­лі­мет­тер ба­за­сы­ның ата­уы көр­се­ті­л­ген жа­ри­я­ла­ным­дар ті­зі­мі
2. Әр­бір ма­қа­ла үшін Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Ско­пус), Springer (Сприн­гер) де­рекқо­рын­да­ғы жа­ри­я­ла­ным­дар бе­тіне өзек­ті веб-сі­л­те­ме көр­се­ті­ле­ді
3
Ғы­лы­ми жұ­мыстар­дың дәй­ек­сө­зде­рі
Ғы­лы­ми жұ­мыстар дәй­ек­сө­зде­рі­нің са­ны
1. Есеп­тік жыл­да Web of Science(Веб оф Сайнс), Scopus (Ско­пус), Google Scholar (Гугл Ску­лар)-да әр­бір ма­қа­ла­ның дәй­ек­сөз са­нын көр­се­те оты­рып, соң­ғы 5 жыл ішін­де жа­ри­я­лан­ған ма­қа­ла­лар тіз­бе­сі
2. Әр­бір ма­қа­ла үшін осы ма­қа­ла­дан дәй­ек­сөз кел­ті­рі­л­ген бет­ке өзек­ті веб-сі­л­те­ме көр­се­ті­ле­ді
Өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың Хир­ша ин­дек­сі­нің квад­рат­та­ры­ның ор­та­ша мәні
1. Web of Science (Веб оф Сайнс) және Scopus (Ско­пус)-та Хир­ша ин­дек­сі­нің мәнін көр­се­те оты­рып, Хир­ша ин­дек­сі бар өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың бар­лық қыз­мет­кер­ле­рі­нің тіз­бе­сі
4
Па­тент­тер мен өзге де қор­ғау құ­жат­та­ры­ның са­ны
1. Па­тент ие­сі, па­тент бер­ген агент­тік, па­тент­тің бе­рі­л­ген кү­ні және тір­кеу нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген па­тент­тер тіз­бе­сі
2. Па­тент бе­ру ту­ра­лы ку­ә­лік­тің кө­шір­ме­сі қо­са бе­рі­ле­ді (па­тент бе­ру­ге оң ше­шім ту­ра­лы анық­та­ма есеп­тел­мей­ді!)
3. Web of Science (Веб оф Сайнс) де­ректер ба­за­сы­на ен­гі­зі­л­ген па­тент үшін Web of Science (Веб оф Сайнс) де­ректер ба­за­сын­да­ғы бет­ке өзек­ті веб-сі­л­те­ме көр­се­ті­ле­ді
5
Ғы­лы­ми зерт­те­улер­дің және нәти­же­ле­рін және ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­ті ком­мер­ци­я­лан­ды­ру дең­гейі
1. Қор­ғау құ­жа­ты­ның (соң­ғы 3 жыл ішін­де бе­рі­л­ген) ата­уы мен тір­кеу де­ректе­рі (нө­мі­рі мен кү­ні), есеп­ті жы­лы алын­ған пай­да кө­ле­мі көр­се­ті­л­ген ком­мер­ци­я­лан­ды­ры­л­ған тех­но­ло­ги­я­лар­дың тіз­бе­сі.
2. Ли­цен­зи­я­лық шар­ттың, па­тент­тік құқық­тар­ды бе­ру ту­ра­лы шар­ттың, па­тент ие­ле­ну­ші мен тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­ну құқы­ғы бе­рі­ле­тін тұл­ға ара­сын­да­ғы өзге де шар­ттар­дың кө­шір­ме­сі.
3. Те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мі (бұ­дан әрі - ТМККК) және мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру (бұ­дан әрі - МӘМС) шең­бе­рін­де өті­ле­тін ме­ди­ци­на­лық тех­но­ло­ги­я­лар үшін – ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің са­па­сы жө­нін­де­гі бі­рік­кен ко­мис­си­я­ның осы ме­ди­ци­на­лық тех­но­ло­ги­я­ны ТМККК және МӘМС шең­бе­рін­де өте­ле­тін тіз­бе­ге ен­гі­зу ту­ра­лы хат­та­ма­лық ше­ші­мі неме­се хат­та­ма­сы­нан үзін­ді кө­шір­ме (соң­ғы 3 жыл­да).
6
Ха­лы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­лар мен фо­рум­дар­ға қа­ты­су дең­гейі
1. Ав­тор­лар көр­се­ті­л­ген те­зи­стер­дің (ма­қа­ла­лар­дың) тіз­бе­сі, кон­фе­рен­ци­я­ны өт­кі­зу кү­ні мен ор­ны, жа­ри­я­лан­ған те­зи­стер­дің шы­ғу де­ректе­рі, жи­нақ ин­дек­с­те­ле­тін де­ректер ба­за­сы
2. Әр­бір те­зис (ма­қа­ла) үшін ин­дек­с­те­ле­тін ғы­лы­ми жи­нақ ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­л­ген ғы­лы­ми ақ­па­рат­тың де­ректер ба­за­сы­ның сай­ты­нан өзек­ті веб-сі­л­те­ме көр­се­ті­ле­ді.
Кон­фе­рен­ция ба­ян­да­ма­ла­ры үшін:
1. Ба­ян­да­у­шы және (неме­се) ав­тор­лар­дың, кон­фе­рен­ци­я­ны өт­кі­зу кү­ні мен ор­ны, жа­ри­я­лан­ған те­зи­стер­дің шы­ғу де­ректе­рі, жи­нақ ин­дек­с­те­ле­тін де­ректер ба­за­сы ба­ян­да­ма­лар және (неме­се) те­зи­стер­дің тіз­бе­сі
2. Кон­фе­рен­ция бағ­дар­ла­ма­сы, жа­ри­я­лан­ған ма­қа­ла­лар кө­шір­ме­сі
7
Кли­ни­ка­лық тә­жі­ри­бе жағ­дай­ын­да­ғы ин­но­ва­ци­я­лық бел­сен­ді­лік дең­гейі
1.1. Есеп мер­зі­мін­де­гі «Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет са­па­сын бас­қа­ру жүй­е­сі» АЖ ғы­лы­ми ұй­ым­ның және (неме­се) уни­вер­си­тет кли­ни­ка­сын­да­ғы орын­да­ла­тын ЖТМҚ тіз­бе­сі.
2.2. Ал­ма­ты, Аста­на, Шым­кент қа­ла­ла­ры, об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да­ғы ғы­лы­ми ұй­ым­ның және (неме­се) уни­вер­си­тет кли­ни­ка­сын­да­ғы сәт­ті ен­гі­зі­л­ген ЖТМҚ есе­бі;
3.3. Есеп мер­зі­мін­де­гі ғы­лы­ми ұй­ым­ның және (неме­се) уни­вер­си­тет кли­ни­ка­сын­да­ғы жа­ңа ЖТМҚ есе­бі
8
Есеп­ті ке­зең­нің соң­ғы кү­ніне өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың ла­у­а­зым­дық бір­лік­те­рі­нің (став­ка­ла­ры­ның) са­ны (бар­лық ин­ди­ка­тор­лар үшін бал­дық ба­ға­ла­уды есеп­теу ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын көр­сет­кіш)
1. Ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­ның бі­рін­ші бас­шы­сы­ның қо­лы­мен рас­тал­ған ла­у­а­зым­дық бір­лік­тер (став­ка­лар) са­ны және өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың жал­пы са­ны, оның ішін­де өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың же­ке­ле­ген са­нат­та­ры бө­лі­ні­сін­де көр­се­ті­л­ген кесте
9
Ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­да­ғы ре­зи­дент, ма­ги­странт, док­то­рант­тар­дың ор­та­ша са­ны
1. Ба­ға­ла­на­тын ұй­ым­ның бі­рін­ші бас­шы­сы­ның қо­лы­мен рас­тал­ған әр ка­те­го­ри­я­ға бай­ла­ны­сты (сту­дент­тер, ин­терн­дер, ма­ги­стран­нар, док­то­рант­тар, ре­зи­дент­тер) ор­та­ша­жыл­дық са­нын көр­се­ті­л­ген кесте

Қолданыстағы