Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Келесского районного маслихата от 23 декабря 2020 года № 34-260-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 4-38-VII · қабылданған 27.04.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2020-no-34-260-v-ekb-156004/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Келесского районного маслихата от 23 декабря 2020 года № 34-260-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 4-38-VII ·27.04.2021
22.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Келесского районного маслихата от 23 декабря 2020 года № 34-260-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 4-38-VII · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Келесского районного маслихата от 23 декабря 2020 года № 34-260-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 34-260-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-38-VII
Қабылданған күні
27.04.2021
Көрсетілген редакция
22.09.2023 156004_656431.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21UQ006221
ЭКБ идентификаторы
156004
Редакция идентификаторы
156004_656431
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:24

0 Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 34-260-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 34-260 - VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2021 жылдың 29 қаңтардағы № 6048 тіркелген, 2021 жылы 04 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Келес ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындаудың қағидасында:
8 тармақтың 3) тармақшасының 4 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) біржолғы 20,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8 тармақтың 3) тармақшасының 9 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, мүгедектерге, жалғызілікті қарттарға жарты жылдықта бір рет 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»;
9 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Әлеуметтік маңызы бар ауру – туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді. Келес аудандық аурухананың ай сайын ұсынатын бекітілген тізімі әлеуметтiк көмек көрсету үшiн негіздеме болып табылады.
9 тармақтың 3) тармақшасының 2 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Мүгедектердің бөлмеге арналған қоларбасына әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9 тармақ 8) тармақшамен толықтырылсын:
Бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар атаулы көмек алушы отбасыларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдеріне қосымша бір айлық есептік көрсеткішке дейін көмек көрсетілсін.

2. «Келес аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Келес аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы