О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 23 июня 2020 года № 49/7-VI «Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Абайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 23 июня 2020 года № 49/7-VI «Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Абайского района»
- Атауы (қаз.)
- Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 49/7-VI «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/9-VIII
- Қабылданған күні
- 04.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2024 183964_740452.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23FD009618
- ЭКБ идентификаторы
- 183964
- Редакция идентификаторы
- 183964_740452
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:02
0 Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 49/7-VI «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде
тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың
мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Абай аудандық мәслихатының «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» 2020 жылғы 23 маусымдағы № 49/7-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7260 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы»;
1 тармақ жаңа редакциада жазылсын:
«1. Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
2, 3- тармақтары алынып тасталсын;
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа реакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері
Абай аудандық мәслихатының
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 4/9-VIII шешіміне
қосымша
Абай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 23 маусымдағы
№ 49/7-VI шешіміне
қосымша
Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қағида «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – « Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
2 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
3
3. Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейлі банктер арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.