О внесении изменения и дополнения в решение Жанааркинского районного маслихата от 23 декабря 2020 года № 66/527 «О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально–техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в котор
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение Жанааркинского районного маслихата от 23 декабря 2020 года № 66/527 «О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально–техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в котор
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 66/527 «Жаңаарқа ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай–ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың ше
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 14/90
- Қабылданған күні
- 20.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2024 193633_685242.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24HD010220
- ЭКБ идентификаторы
- 193633
- Редакция идентификаторы
- 193633_685242
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:06
0
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №66/527 «Жаңаарқа ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай–ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының «Жаңаарқа ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай–ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 66/527 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21967 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы мынадай редакциядағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.».
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 14/90
Шешіміне қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Жаңаарқа ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта: