Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 131 · қабылданған 16.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2020-no-701-ekb-165342/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 131 ·16.03.2022
16.03.2022 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 131 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
131
Қабылданған күні
16.03.2022
Көрсетілген редакция
16.03.2022 165342_564697.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000131
ЭКБ идентификаторы
165342
Редакция идентификаторы
165342_564697
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:07

0 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
«36-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резерві материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 71-1) тармақшамен толықтырылсын:
«71-1) медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 89-1) тармақшамен толықтырылсын:
«89-1) өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».

2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 856 қаулысы.

2 2. «Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 895 қаулысы.

3 3. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысы.

4

4. «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 856 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 363 қаулысы.

5 5. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы.

6 6. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 921 қаулысы.

____________________

Қолданыстағы