Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»

Қаулы · № 844 · қабылданған 22.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2020-no-701-ekb-173341/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 844 ·22.10.2022
22.10.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 844 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
844
Қабылданған күні
22.10.2022
Көрсетілген редакция
22.10.2022 173341_598964.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000844
ЭКБ идентификаторы
173341
Редакция идентификаторы
173341_598964
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:19

0 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы

№ 701 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.»;
16-тармақ:
мынадай мазмұндағы 90-1) тармақшамен толықтырылсын:
«90-1) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 189-1) тармақшамен толықтырылсын:
«189-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жүйелі мәселелерді анықтауды және талдауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 221-1) тармақшамен толықтырылсын:
«221-1) Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге және ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің жұмыс істеуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жалпы азаматтық қорғау іс-шаралары туралы статистикалық ақпаратты, өзге де есепке алу мен есептілік құжаттамасын (ақпаратын) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға ұсынады;».

2 2. Осы қаулы оның 2022 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы