О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 439
- Қабылданған күні
- 02.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.06.2023 182461_636439.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000439
- ЭКБ идентификаторы
- 182461
- Редакция идентификаторы
- 182461_636439
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:34
0 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;»;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың ең төмен тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) адамдарды құтқару үшін, аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртібін белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 55-1) тармақшамен толықтырылсын:
«55-1) өртке қарсы мемлекеттік емес қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 67-1) тармақшамен толықтырылсын:
«67-1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
90) тармақша алып тасталсын;
92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«92) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 94-1), 94-2), 94-3), 94-4), 94-5), 94-6), 94-7), 94-8), 94-9), 94-10), 94-11), 94-12), 94-13), 94-14), 94-15), 94-16), 94-17), 94-18), 94-19) және 94-20) тармақшалармен толықтырылсын:
«94-1) уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-2) фторлы сутек қышқылын өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-3) иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-4) бериллий, оның қосылыстарын және олардан бұйымдар өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-5) мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-6) өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-7) өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-8) қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-9) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-10) қауіпті өндірістік объектілердің қалдық және шлам шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-11) көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-12) тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-13) өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-14) теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-15) газдарды дайындау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-16) қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-17) жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-18) компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-19) жарылыс жұмыстарын және өнеркәсіптік мақсаттағы жарылғыш материалдармен жұмыс жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94-20) магистральдық құбырларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 184-1), 184-2), 184-3) және 184-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«184-1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілейді;
184-2) климаттық қатерлерден болатын дүлей зілзала тәуекелдерін бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізеді;
184-3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі, оның ішінде жаңа тәуекелдерді болғызбауға, қазіргі қауіптілікті төмендетуге және орнықтылықты нығайтуға бағытталған шараларды өз құзыреті шегінде және басымдылықты ескере отырып жүзеге асырады;
184-4) өз құзыреті шегінде іске асырылатын климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және осы шараларды түзетеді;»;
206) және 207) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«206) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;
207) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою және олардың салдарын бағалау үшін Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдаланады;»;
мынадай мазмұндағы 207-1) тармақшамен толықтырылсын:
«207-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;»;
мынадай мазмұндағы 217-1) тармақшамен толықтырылсын:
«217-1) объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құру, орнын ауыстыру, қайта бейіндеу немесе тарату туралы ұйымдар басшылығының шешімдерін келіседі;»;
222) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«222) жаңарту тәртібімен мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімдер қабылдайды;»;
мынадай мазмұндағы 227-1) тармақшамен толықтырылсын:
«227-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың аудио-, бейнежазба техникалық құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 249-1) тармақшамен толықтырылсын:
«249-1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»;
мынадай мазмұндағы 262-1) тармақшамен толықтырылсын:
«262-1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 263-1) және 263-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«263-1) қарыз беру тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;
263-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құрту, кәдеге жарату үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;»;
284) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«284) қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын өткізуге қатысады;».