Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»

Қаулы · № 100 · қабылданған 19.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2020-no-701-ekb-193396/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 100 ·19.02.2024
19.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 100 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
100
Қабылданған күні
19.02.2024
Көрсетілген редакция
19.02.2024 193396_684293.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000100
ЭКБ идентификаторы
193396
Редакция идентификаторы
193396_684293
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:08

0 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ:
мынадай мазмұндағы 175-12), 175-13), 175-14), 175-15), 175-16), 175-17) және 175-18) тармақшалармен толықтырылсын:
«175-12) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
175-13) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
175-14) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптердің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;
175-15) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
175-16) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартып отырады;
175-17) кәсіптілік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптілік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптаушы, салалық біліктілік шеңберлері негізінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік стандарттарды әзірлейді, бекітеді және (немесе) жаңартып отырады;
175-18) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 176-1) тармақшамен толықтырылсын:
«176-1) өртті зерттеуді ұйымдастырып, оның туындау себептері мен ошақтарын анықтайды;»;
мынадай мазмұндағы 219-1) тармақшамен толықтырылсын:
«219-1) объектінің өртке қарсы қорғау жүйелері мен элементтерін аспаптық әдісті қолдана отырып тексеруді ұйымдастырады;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы