Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»

Қаулы · № 983 · қабылданған 21.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2020-no-701-ekb-202971/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 983 ·21.11.2024
21.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 983 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 «Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
983
Қабылданған күні
21.11.2024
Қолданысқа енгізілген күні
21.11.2024
Көрсетілген редакция
21.11.2024 202971_729700.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000983
ЭКБ идентификаторы
202971
Редакция идентификаторы
202971_729700
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:32

0 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 189-2) және 189-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«189-2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде петицияларды қарайды;
189-3) цифрлық трансформациялауды жүргізеді;»;
Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3 және 3-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3-1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы