Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение Байзакского районного маслихата от 23 декабря 2020 года № 77-11 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»

Ереже · № 4-16 · қабылданған 26.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2020-no-77-11-ekb-154268/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение Байзакского районного маслихата от 23 декабря 2020 года № 77-11 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району» Қолданыста Ереже ·№ 4-16 ·26.03.2021
26.03.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение Байзакского районного маслихата от 23 декабря 2020 года № 77-11 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»

Қолданыста Ереже ·№ 4-16 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение Байзакского районного маслихата от 23 декабря 2020 года № 77-11 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»
Атауы (қаз.)
«Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 77-11 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4-16
Қабылданған күні
26.03.2021
Қолданысқа енгізілген күні
18.04.2021
Көрсетілген редакция
26.03.2021 154268_515845.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21GB004929
ЭКБ идентификаторы
154268
Редакция идентификаторы
154268_515845
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:04

0 «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 77-11 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 77-11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4888 болып тіркелген, электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіде 2021 жылдың 15 қаңтарында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары:
мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Жеке тұрғын үй иесіне жалпы тармақтан тұрғын үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 100% шығыны мөлшерінде, бірақ екі қосылу нүктесінен артық емес:

1 1) құрамында бірінші, екінші топ мүгедектері бар отбасыларына;

2 2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына;

3 3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған жалғыз тұратын зейнеткерлерге көрсетіледі.

Аталған газ құбырын жалпы тармақтан үйге дейін орнату және жүргізу шығындарын өтеу біржолғы болып есептеледі және алған өтініш иесіне, отбасы мүшелеріне және онымен бірге тұрақты тұратын адамдарға қайта көрсетілмейді.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы