Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ «Об утверждении Положения Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»

Бұйрық · № 9 · қабылданған 28.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2020-no-9-ekb-165094/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ «Об утверждении Положения Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 9 ·28.02.2022
28.02.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ «Об утверждении Положения Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 9 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ «Об утверждении Положения Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
28.02.2022
Көрсетілген редакция
28.02.2022 165094_565691.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G2200000009
ЭКБ идентификаторы
165094
Редакция идентификаторы
165094_565691
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:19

0 «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:
15- тармақта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін пайдалану»;
мынадай мазмұндағы 77-1) тармақшамен толықтырылсын:
«77-1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына шаруашылық бойынша есепке алу кітабында ескерілген әкімшілік деректерді ұсыну;».

2 2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы