О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ «Об утверждении Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ «Об утверждении Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 02.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2023 178907_621875.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G2300000019
- ЭКБ идентификаторы
- 178907
- Редакция идентификаторы
- 178907_621875
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:17
0 «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық статистика бюросының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.»;
14-тармақтың 46-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«46-3) статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстарды және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде Жерді қашықтықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алу және пайдалану;»;
15- тармақта:
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратының және өзге де мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну;»;
мынадай мазмұндағы 75-1) тармақшамен толықтырылсын:
«75-1) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;»;
5-тарауда. Ұлттық статистика бюросын қайта ұйымдастыру және тарату:
Ұлттық статистика бюросының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.».