Құжат мәтініне өту

«О внесении изменений и дополнений в Приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ «Об утверждении Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»

Бұйрық · № 42 · қабылданған 05.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2020-no-9-ekb-183786/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
«О внесении изменений и дополнений в Приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ «Об утверждении Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 42 ·05.07.2023
05.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«О внесении изменений и дополнений в Приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ «Об утверждении Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 42 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«О внесении изменений и дополнений в Приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ «Об утверждении Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
42
Қабылданған күні
05.07.2023
Көрсетілген редакция
05.07.2023 183786_640839.kaz
Соңғы өзгеріс
05.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G2300000042
ЭКБ идентификаторы
183786
Редакция идентификаторы
183786_640839
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:00

0 «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:
14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, алғашқы, әкімшілік және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;»;
15-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде бағаларды тіркеу;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мынадай статистикалық тіркелімдерді жүргізу:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтитын статистикалық бизнес-тіркелімді;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ одан тыс жерлерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпаратты қамтитын халықтың статистикалық тіркелімін;
3) Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөнінде ақпаратты қамтитын ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімін;
4) Қазақстан Республикасының барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтитын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жасау процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) ведомстволық сыныптамаларды жүргізудің үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) ғылыми әдістер мен тәсілдер, оның ішінде әдістемелер негізінде жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы әзірлеу және бекіту;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41) ұлттық санақтар жүргізу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;»;
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«42) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;»;
53) тармақша алып тасталсын;
54) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 75-2), 75-3), 75-4), 75-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«75-2) статистикалық қызметте пайдалану үшін оңтайлы дереккөзді таңдау мақсатында статистикалық байқаулар деректерін басқа деректермен салыстыру;»;
«75-3) әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібін бекіту;»;
«75-4) Бюроға цифрлық трансформациялауды жүргізу;»;
«75-5) мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес Бюроның қызметіне функционалдық талдау жүргізу;».

2 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы