О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султана от 23 апреля 2021 года № 107-1402 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в дошкольных организациях города Нур-Султана»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султана от 23 апреля 2021 года № 107-1402 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в дошкольных организациях города Нур-Султана»
- Атауы (қаз.)
- «Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 107-1402 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107-3855
- Қабылданған күні
- 27.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2022 176306_613416.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22ABW31315
- ЭКБ идентификаторы
- 176306
- Редакция идентификаторы
- 176306_613416
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:25
0 «Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 23 сәуірдегі № 107-1402 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 107-1402 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1321 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына және 62-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының 3 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулының 4 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 23 сәуірдегі
№ 107-1402 қаулысына
қосымша»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Астана қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 107-3855 қаулысына
қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 23 сәуірдегі
№ 107-1402 қаулысына
қосымша
Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Бір тәрбиеленушіге бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен түзету топтарын қоспағанда)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым
Жеке мектепке дейінгі ұйым
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым жанындағы мектепке дейінгі шағын орталық
Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым жанындағы мектепке дейінгі шағын орталық
Санаториялық балабақшасы
1. Мектепке дейінгі ұйымдағы түзету және инклюзивті топтары.
2. Астана қаласы әкімдігінің «Көз көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «№ 23 «Алтын бесік» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Астана қаласы әкімдігінің «№ 64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4. Астана қаласы әкімдігінің «№ 96 «Аяла» арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым;
толық келу күнімен шағын орталық тар
Жеке мектепке дейінгі ұйым
толық күн болатын
жарты күн болатын
толық күн болатын
жарты күн болатын
1
23195
27168
600
4548
41718
31995
18066
62040
91118
16800
20800