Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 23 декабря 2021 года № 108/14 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат маслихата города Аксу»

Ереже · № 170/28 · қабылданған 04.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2021-no-10814/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 23 декабря 2021 года № 108/14 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат маслихата города Аксу» Қолданыста Ереже ·№ 170/28 ·04.12.2024
04.12.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 23 декабря 2021 года № 108/14 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат маслихата города Аксу»

Қолданыста Ереже ·№ 170/28 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 23 декабря 2021 года № 108/14 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат маслихата города Аксу»
Атауы (қаз.)
Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 108/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
170/28
Қабылданған күні
04.12.2024
Көрсетілген редакция
04.12.2024 203628_732129.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24PB17028M
ЭКБ идентификаторы
203628
Редакция идентификаторы
203628_732129
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:10

0 Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 108/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 108/14 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тараудың 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақсу қаласы мәслихат төрағасының өкімдерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.»;
3-тарауда:
17-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«17. Мәслихат аппаратын басқаруды Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы жүзеге асырады, ол Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.»;
18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«18. Қалалық мәслихаттың төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады.»;
19-тармақтың атауы келесі редакцияда жазылсын:
«19. Қалалық  мәслихат  төрағасының өкілеттіктері:»;
19-тармақтың 16) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«16) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында, мәслихаттың регламенті мен шешімінде көзделген өкілеттіктерді орындайды;
Мәслихаттың төрағасысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.»;
20-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«20. Ақсу қалалық  мәслихат төрағасы қалалық мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы