О внесении изменения в постановление акимата Карасуского района от 23 августа 2021 года № 126 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Карасуского района от 23 августа 2021 года № 126 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов»
- Атауы (қаз.)
- Қарасу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 126 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 18.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2025 207272_744946.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25NM103821
- ЭКБ идентификаторы
- 207272
- Редакция идентификаторы
- 207272_744946
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:03
0 Қарасу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 126 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарасу ауданы әкімдігінің «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2021 жылғы 23 тамыздағы № 126 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24337 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 12-жол, жаңа редакцияда жазылсын:
«
12
Қарасу ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Комсомольская көшесі, 62
«Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Исакова А көшесі, 68
«Қазпошта» акционерлік қоғамы ғимаратының жанында, Исакова А көшесі, 78
Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Қарасу аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны ғимаратының жанында, Рамазанов көшесі, 2
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының Қарасу аудандық бөлімі ғимаратының жанында, Комсомольская көшесі, 24
».
2 2. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Қарасу аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы