О внесении дополнения в постановление акимата города Шымкент от 23 ноября 2021 года № 1441 «Об утверждении положения государственного учреждения» Управление строительства города Шымкент»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата города Шымкент от 23 ноября 2021 года № 1441 «Об утверждении положения государственного учреждения» Управление строительства города Шымкент»
- Атауы (қаз.)
- «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1441 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 923
- Қабылданған күні
- 06.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2024 194244_687915.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24E000923A
- ЭКБ идентификаторы
- 194244
- Редакция идентификаторы
- 194244_687915
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:47
0 «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1441 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1441 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
13 «13) Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы аясында іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
14 14) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды жүзеге асыру;
15 15) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
16 16) Шымкент қаласында тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізу.».
2 2. «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберсін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
11 «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген толықтыру мәтіні
Шымкент қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «____»___________
№ ____ қаулысына қосымша
Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 23 қарашадағы
№ 1441 қаулысымен
бекітілген
«Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген толықтыру мәтіні
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1441 қаулысымен бекітілген «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылды: