О внесении изменений и дополнений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 23 июля 2021 года № 269-п «Об утверждении Регламента проектного управления Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 23 июля 2021 года № 269-п «Об утверждении Регламента проектного управления Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқару регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 269-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 393-ө
- Қабылданған күні
- 29.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2021 159409_541397.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21NP000393
- ЭКБ идентификаторы
- 159409
- Редакция идентификаторы
- 159409_541397
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:32
0 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқару регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 269-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқару регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 269-ө бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқаруының ұйымдық құрылымы шеңберіндегі жобалық рөлдерді бекіту осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысы Ш.Ә. Өтемісовке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
1 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы шеңберіндегі жобалық рөлдерді бекіту
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 393-ө бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы шеңберіндегі жобалық рөлдерді бекіту
1 1. «Су ресурстарын басқару және «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы, «Қазақстандықтардың әл-ауқатына бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасының 3-бағыты» бағдарламаларының басшысы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Аманғалиұлы Брекешев.
2 2. «Таза Қазақстан» 1-базалық бағытының басшысы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Пірімқұлов Ахметжан Әбдіжәмілұлы;
«Үнемді Қазақстан» 2-базалық бағытының басшысы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Қожаниязов Серік Салауатұлы;
«Табиғат» 3-базалық бағытының басшысы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Шалабекова Әлия Лазарқызы.