О внесении изменений и дополнений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 23 июля 2021 года № 269-п «Об утверждении Регламента проектного управления Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 23 июля 2021 года № 269-п «Об утверждении Регламента проектного управления Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқару регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 269-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 393-ө
- Қабылданған күні
- 29.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2021 159409_541397.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21NP000393
- ЭКБ идентификаторы
- 159409
- Редакция идентификаторы
- 159409_541397
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:32
0 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқару регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 269-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқару регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 269-ө бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқаруының ұйымдық құрылымы шеңберіндегі жобалық рөлдерді бекіту осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысы Ш.Ә. Өтемісовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
1 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы шеңберіндегі жобалық рөлдерді бекіту
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 393-ө бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы шеңберіндегі жобалық рөлдерді бекіту
1. «Су ресурстарын басқару және «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы, «Қазақстандықтардың әл-ауқатына бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасының 3-бағыты» бағдарламаларының басшысы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Аманғалиұлы Брекешев.
2. «Таза Қазақстан» 1-базалық бағытының басшысы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Пірімқұлов Ахметжан Әбдіжәмілұлы;
«Үнемді Қазақстан» 2-базалық бағытының басшысы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Қожаниязов Серік Салауатұлы;
«Табиғат» 3-базалық бағытының басшысы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Шалабекова Әлия Лазарқызы.