О внесении изменения в решение маслихата от 23 сентября 2021 года № 73 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Лисаковского городского маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 23 сентября 2021 года № 73 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Лисаковского городского маслихата»
- Атауы (қаз.)
- «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» мәслихаттың 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 73 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 258
- Қабылданған күні
- 20.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 03.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2026 229626_838109.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26ND00258M
- ЭКБ идентификаторы
- 229626
- Редакция идентификаторы
- 229626_838109
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:00
0 «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» мәслихаттың 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 73 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Лисаков қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 73 «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Мәслихаттың
2026 жылғы тамыздағы
№ 258 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2021 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 73 шешімімен
бекітілді
«Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Қостанай облысы әкімінің 2002 жылғы 24 шілдедегі № 65 шешімімен құрылған, Лисаков қалалық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен қазақ тілінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мәслихат аппараты егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мәслихат аппаратының басшысы бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31-үй.
10. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына Мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, атқарымдары мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық және қаржылық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
мәслихат депутаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктерін жүзеге асыруда жәрдемдесу.
мәслихат және оның органдары қарайтын шешімдер жобаларын, басқа да құжаттар мен материалдарды дайындауды, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.
мәслихат қызметін құжаттамалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
туралы хабардар ету арқылы оның қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету.
мәслихат аппараты жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға жәрдемдесу.
мәслихат қызметінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен цифрлық сервистерді дамыту және жетілдіру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде мәслихат қызметін қамтамасыз етуге қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде мәслихат қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де субъектілермен өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихат қызметін қамтамасыз етуге қажетті азаматтық-құқықтық шарттар жасасу және өзге де заңды маңызы бар әрекеттерді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
мәслихат сессияларын, тұрақты және өзге де комиссиялардың отырыстарын ұйымдастырушылық дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
мәслихаттың және оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
мәслихат депутаттарына өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруда жәрдемдесу;
мәслихаттың және оның органдарының қарауына шығарылатын құжаттар мен материалдар жобаларын дайындауды қамтамасыз ету;
мәслихаттың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру және оларды қараудың заңнамада белгіленген мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың сақталуын және іс жүргізуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, дербес деректер, архив ісі туралы заңнаманы және басқа да міндетті талаптарды сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
15. Функциялары:
мәслихаттың, оның тұрақты және уақытша комиссияларының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай-ақ мәслихат депутаттарына өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруда жәрдемдеседі;
мәслихат қызметін құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады, мәслихаттың қарауына шығарылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және өзге де шешімдер жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді, сондай-ақ мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізеді;
мәслихат депутаттарына ұсынылатын атқарушы органдар басшыларының есептерін қоса алғанда, ақпараттық-талдамалық материалдарды жинауды, жүйелеуді, талдауды және дайындауды жүзеге асырады;
мәслихат қызметін ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады, оның ресми интернет-ресурсының және басқа да ақпараттық ресурстарының жұмыс істеуін және ақпараттық толықтырылуын, сондай-ақ Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты мәслихат қызметі туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықпен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
мәслихат қызметін қамтамасыз етуге бюджет қаражатына қажеттілікті жоспарлауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда іссапар және өзге де шығыстарды өтеуді қоса алғанда, оның қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, іс жүргізеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архивтік құжаттарды қалыптастыруды, есепке алуды, сақтауды және пайдалануды, сондай-ақ құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыруға дайындауды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихатқа түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ петицияларды қарауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес Мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.
17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Мәслихат аппараты басшысының орынбасары болмайды.
19. Мәслихат аппаратының басшысы өкілеттіктерді «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
20. Мәслихат аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкi
21. Мәслихат аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.