О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 февраля 2021 года № 86 «Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Нур-Султане, Алматы, Шымкенте, Семее и моногородах на 2021 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 февраля 2021 года № 86 «Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Нур-Султане, Алматы, Шымкенте, Семее и моногородах на 2021 год»
- Атауы (қаз.)
- «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 86 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 537
- Қабылданған күні
- 06.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2021 157685_534438.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000537
- ЭКБ идентификаторы
- 157685
- Редакция идентификаторы
- 157685_534438
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:15
0 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан,
Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда
кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға кредит берудің
негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2021 жылғы 23 ақпандағы № 86 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 86 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға кредит берудің негізгі шарттарында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға кредит беру үшін «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысында көзделген 10061124000 (он миллиард алпыс бір миллион бір жүз жиырма төрт мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 7 (жеті) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесімен беріледі;».