Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Кармакшинского районного маслихата от 23 февраля 2022 года № 137 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»

Өзге акт · № 100 · қабылданған 22.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2022-no-137/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Кармакшинского районного маслихата от 23 февраля 2022 года № 137 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану» Қолданыста Өзге акт ·№ 100 ·22.11.2023
22.11.2023 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Кармакшинского районного маслихата от 23 февраля 2022 года № 137 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»

Қолданыста Өзге акт ·№ 100 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Кармакшинского районного маслихата от 23 февраля 2022 года № 137 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
Атауы (қаз.)
«Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 137 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
100
Қабылданған күні
22.11.2023
Көрсетілген редакция
22.11.2023 189640_668963.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23LE847011
ЭКБ идентификаторы
189640
Редакция идентификаторы
189640_668963
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:30

0 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 137 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 137 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27076 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қармақшы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қармақшы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қармақшы аудандық мәслихатының

2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 100 шешіміне қосымша
Қармақшы аудандық мәслихатының
2022 жылғы 23 ақпандағы
№ 137 шешіміне
1-қосымша
Қармақшы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Қармақшы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балалардың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

3

3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата -аналары ата - ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, басқа елді мекендерге көшуі не тұтастай Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге көшуі) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе «электрондық үкімет» веб-порталға (бұдан әрі – портал) Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2 - қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің мөлшері оқу жылы ішінде әр мүгедектігі бар балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы