Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 23 мая 2022 года № 173 «Об утверждении Правил деятельности приютов для животных»

Бұйрық · № 175 · қабылданған 26.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2022-no-173/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 23 мая 2022 года № 173 «Об утверждении Правил деятельности приютов для животных» Қолданыста 26.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 23 мая 2022 года № 173 «Об утверждении Правил деятельности приютов для животных»

Қолданыста Бұйрық № 175 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 23 мая 2022 года № 173 «Об утверждении Правил деятельности приютов для животных»
Атауы (қаз.)
«Жануарларға арналған панажайлар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
175
Қабылданған күні
26.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
15.09.2026
Көрсетілген редакция
26.08.2026 229537_839841.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039749
ЭКБ идентификаторы
229537
Редакция идентификаторы
229537_839841
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 18:59
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Жануарларға арналған панажайлар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жануарларға арналған панажайлар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28208 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарларға арналған панажайлардың, сондай-ақ жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметі мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жануарларға арналған панажайлардың, сондай- ақ жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметі мен оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларға арналған панажайлардың, сондай- ақ жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметі мен оларды есепке алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде орындалуы туралы ақпараттың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

1 Жануарларға арналған панажайлардың, сондай-ақ жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметі мен оларды есепке алу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 175
бұйрығына қосымша/
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2022 жылғы 23 мамырдағы
№ 173 бұйрығымен
бекітілген
Жануарларға арналған панажайлардың, сондай-ақ жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметі мен оларды есепке алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Жануарларға арналған панажайлардың, сондай-ақ жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметі мен оларды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларға арналған панажайлардың, сондай-ақ жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметін және есебін жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) жануарларға арналған панажай – тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған жануарларды, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон-жануарларды) ұстауға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;

2) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ұсталған қараусыз және қаңғыбас жануарларды, үй жануарларын (компаньон-жануарларды), оларды ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты тұлғалар берген жануарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарынан және заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген жануарларды уақытша ұстауға арнайы арналған және жабдықталған мүліктік кешен;

3) үй жануарларының паспорты – дерекқорда қалыптастырылатын, үй жануарының жеке нөмірі, оның ветеринариялық өңдеулері, оның ішінде диагностикалық зерттеулердің нәтижелері, тұрғылықты және ұстау орындары, сондай-ақ үй жануарының иесі туралы мәліметтерді (жеке немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жері, байланыс деректері) қамтитын электрондық құжат;

4) аулау қызметі – астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар, сондай-ақ жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және өлтірумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

5) дерекқор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қолжетімділік берілетін, жануарларды, олармен байланысты оқиғалар мен іс-әрекеттерді тіркеуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-реттелген жиынтығын көздейтін электрондық дерекқор.

3. Жануарларға арналған панажайлар жануардың иесімен немесе жауапты тұлғамен келісім бойынша жануарларды уақытша ұстау (орналастыру), сондай-ақ ветеринариялық және өзге де қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

4. Жануарларға арналған панажайлар жануардың иесінен немесе жауапты тұлғадан жануарды ұстауға байланысты шығыстардың, сондай-ақ жануарға қажет болған жағдайда ветеринариялық қызметтердің құнын өтеуді алуға құқылы.

5. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ заңды тұлғалар мен жергілікті атқарушы органдар жануарларға арналған панажайларды салуды және ұстауды ұйымдастырады.

6. Жануарларды уақытша ұстау пункттері табылған, ұсталған қараусыз және қаңғыбас жануарларды, үй жануарларын (компаньон-жануарларды), оларды ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты тұлғалар берген жануарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарынан және заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген жануарларды уақытша ұстау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

7. Жануарларды уақытша ұстау пункті дербес объект ретінде жұмыс істей алады не жануарларға арналған баспана аумағында орналастырылуы мүмкін.

2-тарау. Жануарларға арналған панажайлар мен жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметі және оларды есепке алу тәртібі

8. Осы Қағидаларда көзделген, жануарларға арналған панажайлар мен жануарларды уақытша ұстау пункттері жүзеге асыратын барлық іс-әрекеттер дерекқорда тіркеледі, оған Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес жануарларға арналған панажайлар мен жануарларды уақытша ұстау пункттерінің иелеріне өтеусіз негізде қолжетімділік беріледі.

9. Дерекқорға мәліметтерді енгізуді жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің иесі есепке қою үшін электрондық өтінішті толтыру арқылы жүзеге асырады.

10. Электрондық өтінішті жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің иесі өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырып береді.

11. Электрондық өтініште мынадай мәліметтер қамтылады:

1) жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің иесі болып табылатын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі не заңды тұлғаның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

2) жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің атауы;

3) жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің орналасқан жерінің мекенжайы;

4) жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің сыйымдылығы;

5) жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің жабдықталуы туралы мәліметтер;

6) жануарларға арналған панажайдағы немесе жануарларды уақытша ұстау пунктіндегі мамандардың саны туралы мәліметтер;

7) жануарларға арналған панажайдағы немесе жануарларды уақытша ұстау пунктіндегі жануарлардың нақты саны.

12. Астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органы жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің иесі берген электрондық өтініште қамтылған мәліметтерді үш жұмыс күні ішінде қарайды.

13. Электрондық өтініште қамтылған мәліметтердің толық еместігі анықталған жағдайда, тиісті жергілікті атқарушы орган дерекқордағы өтінішті қараудан бас тартады.

14. Электрондық өтініш оң қаралған жағдайда, жергілікті атқарушы орган дерекқорда жануарларға арналған панажайға немесе жануарларды уақытша ұстау пунктіне тіркеу нөмірін береді.

15. Тіркеу нөмірі он төрт таңбадан тұрады және мынадай белгілерден құралады:

1) алғашқы үш таңба – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының коды (үш сан – 398);

2) төртінші және бесінші таңбалар – ұстау орнының түрін білдіретін сандық код;

3) алтыншыдан он төртінші таңбаға дейін – бірегей реттік нөмір.

16. Жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің қызметі тоқтатылған жағдайда, жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің иесі қабылданған шешім туралы дерекқорға электрондық өтініш беру арқылы жергілікті атқарушы органға хабарлайды.

17. Жануарды жануарлар панажайына қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жүгінген кезде немесе иесіз жануарларды аулау қызметінің беруі арқылы жүзеге асырылады және жануарлар панажайының иесімен деректер базасында тіркеледі.

18. Жануарды жануарларды уақытша ұстау пунктіне қабылдау табылған, ауланған қараусыз қалған және қаңғыбас жануарлар, оларды бағудан бас тартуға байланысты иелері немесе жауапты тұлғалар берген үй жануарлары (компаньон жануарлар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарынан, жеке кәсіпкерлерден, сондай-ақ заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген жануарлар түскен кезде жүзеге асырылады және жануарларды уақытша ұстау пунктінің иесімен деректер базасында тіркеледі.

19. Жануарды жануарларға арналған панажайға немесе жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде мынадай құжаттар ұсынылады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) үй жануарының паспорты.

20. Үй жануарын (компаньон-жануарды) оны ұстаудан бас тартуына байланысты жануардың иесі немесе жауапты тұлға жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде, мұндай жануарды ұстауды жануардың иесі немесе жауапты тұлға жануардың құқықтық тағдыры айқындалғанға дейін қамтамасыз етеді.

21. Жануар жануарларға арналған панажайға немесе жануарларды уақытша ұстау пунктіне бос орындар болған жағдайда қабылданады, одан әрі дерекқорда жануар туралы ақпарат және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарды қабылдау-тапсыру актісі қалыптастырылады.

22. Жануар келіп түскен кезде жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің қызметкері жануарды бастапқы ветеринариялық қарап-тексеруге жібереді.

23. Ветеринариялық қарап-тексеру нәтижелері бойынша ветеринариялық дәрігер дерекқорда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарды ветеринариялық қарап-тексерудің электрондық актісін жасайды.

24. Электрондық актіде жануардың түрі, жынысы, тұқымы, экстерьерінің ерекшеліктері, жануардың денсаулық жағдайы туралы ақпарат, жануарда жұқпалы және өзге де аурулардың белгілерінің болуы көрсетіледі.

25. Ветеринариялық дәрігер жануардан жұқпалы және өзге де аурулардың белгілерін анықтаған жағдайда, жануар карантиндік үй-жайға орналастырылады.

26. Жануарға шұғыл ветеринариялық көмек көрсету үшін жануар карантинде ұстауға белгіленген мерзімге шұғыл ветеринариялық көмек көрсетуге арналған оқшаулағышқа жіберіледі.

27. Жануардың жануарларға арналған панажайдан немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінен шығуы, сондай-ақ жануардың өлуі туралы ақпаратты жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің иесі дерекқорда тіркейді.

28. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке меншік жануарларға арналған панажайларды бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.

29. Табылған, ұсталған қараусыз немесе қаңғыбас жануар жануарларға арналған панажайға немесе жануарларды уақытша ұстау пунктіне келіп түскен кезде жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің маманы жануарды кейіннен бұрынғы иесіне қайтару не жаңа иесіне беру үшін оның иесін іздеуді жүзеге асырады.

30. Үй жануары (компаньон-жануар) оны ұстаудан бас тартуына байланысты жануардың иесі немесе жауапты тұлға жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде, жануарларды уақытша ұстау пунктінің иесі жануарды жаңа иесіне беру жөнінде шаралар қабылдайды.

31. Жануарды бұрынғы иесіне қайтару не жануарды жаңа иесіне беру осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде жүзеге асырылады.

32. Жануарларға арналған панажайлар мен жануарларды уақытша ұстау пункттерінің иелері жануардың бұрынғы немесе жаңа иесін іздеуді:

1) жануар туралы мәліметтерді дерекқорға орналастыру;

2) дерекқорда қамтылған мәліметтер арқылы жануардың жоғалғаны туралы оның иесіне хабарлау;

3) волонтерлер арқылы жұртшылықты хабардар ету жолымен жүзеге асырады.

33. Тиісті жергілікті атқарушы орган жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады.

34. Жануарды жануарларға арналған панажайдан немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінен бұрынғы және (немесе) жаңа иесіне беру дерекқорда тіркеледі.

1.1 Жануарды жануарларға арналған панажайға немесе жануарларды уақытша ұстау пунктіне қабылдау туралы өтініш

Жануарларға арналған
панажайлардың, сондай-ақ
жануарларды уақытша
ұстау пункттерінің қызметі
мен оларды есепке алу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жануарды жануарларға арналған панажайға немесе жануарларды уақытша ұстау пунктіне қабылдау туралы өтініш
Тегі ____________________________________________________________
Аты __________________ Әкесінің аты (бар болса) ___________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________
Үй мекенжайы, телефоны __________________________________________
Жануарды беру себебі _____________________________________________
(жануар иесінің немесе жауапты адамның жануарды ұстаудан бас тартуы, табылған жануар, ауланған қараусыз немесе қаңғыбас жануар, алып қойылған немесе тәркіленген жануар, өзге)
Басшыға _____________________________________________________
(жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің атауы)
Берілетін жануар _________________________________________________ (жануардың түрі, жынысы, жасы және физиологиялық жай-күйі, сәйкестендіру таңбаларының болуы, ветеринариялық паспорттың нөмірі (болған кезде))
Өтініш беруші
_____________________________________________ /________________/
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба)

1.2 Жануарды қабылдау-беру актісі

Жануарларға арналған
панажайлардың, сондай-ақ
жануарларды уақытша
ұстау пункттерінің қызметі
мен оларды есепке алу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жануарды қабылдау-беру актісі
Осы жануарды қабылдау-беру актісі жануардың берілуін растайды
(жануардың түрі, жынысы және физиологиялық жай-күйі, сәйкестендіру таңбаларының болуы, ветеринариялық паспорттың нөмірі (бар болса))
Себебі бойынша __________________________________________________
(жануар иесінің немесе жауапты адамның жануарды ұстаудан бас тартуы, табылған жануар, ауланған қараусыз немесе қаңғыбас жануар, алып қойылған немесе тәркіленген жануар)
Жануарды қарап-тексеруді жүргізген ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Жануарды беретін тұлға___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Жануарды қабылдайтын тұлға_____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

1.3 Жануарды ветеринариялық қарап-тексеру актісі

Жануарларға арналған
панажайлардың, сондай-ақ
жануарларды уақытша ұстау
пункттерінің қызметі мен
оларды есепке алу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Жануарды ветеринариялық қарап-тексеру актісі
(құжаттың бірегей сәйкестендіру нөмірі)
(QR-код түріндегі құжаттың бірегей сәйкестендіру нөмірі)
Күні: ____________ жыл
Ветеринария саласындағы маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):
(жануарды клиникалық қарап-тексеруді қатысуымен жүргізді)
Жануарларға арналған панажай немесе жануарларды уақытша ұстау пункті қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде):
Қарап-тексеру нәтижесінде анықталды:
(жануардың түрі, жынысы, тұқымы, экстерьер ерекшеліктері, жануардың денсаулық жағдайы туралы ақпарат, жануарда жұқпалы және өзге де аурулар белгілерінің болуы)
Ветеринария саласындағы маман
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Осы құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабы 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен тең.
Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Интернет желісі арқылы деректер базасында тексеруге болады.

1.4 Жануарды иесіне қайтару не жануарды жаңа иесіне беру туралы өтініш

Жануарларға арналған
панажайлардың, сондай-ақ
жануарларды уақытша ұстау
пункттерінің қызметі мен
оларды есепке алу
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Жануарды иесіне қайтару не жануарды жаңа иесіне беру туралы өтініш
Тегі _________________________________________________________
Аты __________________ Әкесінің аты (ол болған кезде) _______________
Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________
Үй мекенжайы, телефоны _________________________________________
Басшыға _____________________________________________________
(жануарларға арналған панажайдың немесе жануарларды уақытша ұстау пунктінің атауы)
Кейіннен ұстау үшін беруді сұраймын
(жануардың түрі, жынысы, жасы және физиологиялық жай-күйі, сәйкестендіру таңбаларының болуы, ветеринариялық паспорттың нөмірі (болған кезде))
Өтініш беруші
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба)