О внесении изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 23 мая 2022 года № 175 «Об утверждении Правил содержания животных в приютах для животных, зоологических гостиницах, пунктах временного содержания животных, реабилитационных центрах для животных, зоологических питомниках, контактных зоопарках, передвижных зверинцах»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 23 мая 2022 года № 175 «Об утверждении Правил содержания животных в приютах для животных, зоологических гостиницах, пунктах временного содержания животных, реабилитационных центрах для животных, зоологических питомниках, контактных зоопарках, передвижных зверинцах»
- Атауы (қаз.)
- «Жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде, контактілі зоопарктерде, жылжымалы хайуанаттар бақтарында ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 185
- Қабылданған күні
- 28.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2026 I229463_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039745
- ЭКБ идентификаторы
- 229463
- Редакция идентификаторы
- I229463_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.09.2026 03:30
0
«Жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде, контактілі зоопарктерде, жылжымалы хайуанаттар бақтарында ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде, контактілі зоопарктерде, жылжымалы хайуанаттар бақтарында ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28206 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде, контактілі зоопарктерде, жылжымалы хайуанаттар бақтарында ұстау қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарынан, жеке кәсіпкерлерден немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;».