О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Балхаш от 23 мая 2022 года № 23/01 «О расширении категории получателей услуг инватакси»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Балхаш от 23 мая 2022 года № 23/01 «О расширении категории получателей услуг инватакси»
- Атауы (қаз.)
- «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Балқаш қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 23/01 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15/07
- Қабылданған күні
- 30.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2023 179492_624037.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23KD637409
- ЭКБ идентификаторы
- 179492
- Редакция идентификаторы
- 179492_624037
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:05
0 «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Балқаш қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы №23/01 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Балқаш қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы №23/01 «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28263 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген), Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1 - тармақтың 1) және 2) тармақшалары келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) мүгедектігі бар балалар;»;
«2) бірінші,екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;»;
1- тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) аутистік спектрінің бұзылуы бар балалар.».