О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Павлодара от 23 мая 2022 года № 818/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков города Павлодара
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Павлодара от 23 мая 2022 года № 818/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков города Павлодара
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы «Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 818/2 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1537/1
- Қабылданған күні
- 07.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2026 228595_833552.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26PA15371A
- ЭКБ идентификаторы
- 228595
- Редакция идентификаторы
- 228595_833552
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.08.2026 03:30
0 Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы «Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 818/2 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы «Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 818/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 168410 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
«Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
17-тармақтың 26) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«26) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 488-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;»;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, өзіне қатысты жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген функцияларды жүзеге асыру.».
2. «Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге деқажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.