О внесении изменения в решение Мунайлинского районного маслихата от 23 октября 2023 года № 6/41 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мунайлинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Мунайлинского районного маслихата от 23 октября 2023 года № 6/41 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мунайлинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мұнайлы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 6/41 «Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16/96
- Қабылданған күні
- 31.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2024 197467_703336.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24MG471412
- ЭКБ идентификаторы
- 197467
- Редакция идентификаторы
- 197467_703336
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:16
0 Мұнайлы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 6/41 «Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы №6/41 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4631-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1 қосымшада:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
орыс тіліндегі 6 тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.