О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 23 июня 2023 года № А-7/249 «О компенсации расходов за питание отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций Акмолинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 23 июня 2023 года № А-7/249 «О компенсации расходов за питание отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций Акмолинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № А-7/249 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-11/540
- Қабылданған күні
- 27.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2023 189355_668293.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23B0865503
- ЭКБ идентификаторы
- 189355
- Редакция идентификаторы
- 189355_668293
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:22
0 «Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № А-7/249 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № А-7/249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8590-03 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1 «1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің келесі жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындар толық көлемде өтелсін:
жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
мүгедектігі бар балаларға;
атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
көп балалы отбасылардан шыққан балаларға.».