Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 23 июня 2023 года № А-7/249 «О компенсации расходов за питание отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций Акмолинской области»

Қаулы · № А-8/468 · қабылданған 28.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2023-no-7249/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 23 июня 2023 года № А-7/249 «О компенсации расходов за питание отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций Акмолинской области» Қолданыста Қаулы ·№ А-8/468 ·28.08.2025
28.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 23 июня 2023 года № А-7/249 «О компенсации расходов за питание отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций Акмолинской области»

Қолданыста Қаулы ·№ А-8/468 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 23 июня 2023 года № А-7/249 «О компенсации расходов за питание отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций Акмолинской области»
Атауы (қаз.)
«Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № А-7/249 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-8/468
Қабылданған күні
28.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
28.08.2025
Көрсетілген редакция
28.08.2025 213676_772286.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25B008468A
ЭКБ идентификаторы
213676
Редакция идентификаторы
213676_772286
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:33

0 «Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № А-7/249 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № А-7/249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8590-03 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің келесі жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындар толық көлемде өтелсін:

жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
мүгедектігі бар балаларға;
атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы