О внесении изменения в постановление акимата Курмангазинского района от 23 января 2023 года № 8 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Курмангазинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Курмангазинского района от 23 января 2023 года № 8 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Курмангазинского района»
- Атауы (қаз.)
- «Құрманғазы ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 22.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2024 202028_725288.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24TH523006
- ЭКБ идентификаторы
- 202028
- Редакция идентификаторы
- 202028_725288
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:06
0
«Құрманғазы ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Құрманғазы ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 8 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4978-06 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы:
2 -тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);».