О внесении изменений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 23 июля 2025 года № 180-НҚ «Об утверждении Правил разработки генерального плана интегрированного управления водными ресурсами и бассейнового плана охраны и использования водных ресурсов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 23 июля 2025 года № 180-НҚ «Об утверждении Правил разработки генерального плана интегрированного управления водными ресурсами и бассейнового плана охраны и использования водных ресурсов»
- Атауы (қаз.)
- «Су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын әзірлеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 23 шілдедегі № 180-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 235-НҚ
- Қабылданған күні
- 29.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 07.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2026 I228341_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039456
- ЭКБ идентификаторы
- 228341
- Редакция идентификаторы
- I228341_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 07.08.2026 03:32
0 «Су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын әзірлеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 23 шілдедегі № 180-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 23 шілдедегі № 180-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36502 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын әзірлеу қағидаларында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) экономика салалары, өңірлер және Қазақстан Республикасы бойынша жалпы бөліністе қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына;»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Қазақстан Республикасы мен оның өңірлерінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне халық саны, жалпы өңірлік өнім, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, негізгі капиталға салынған инвестициялар, экономикада жұмыс істейтін адамдардың саны, орташа айлық номиналды жалақы, жұмыссыздық деңгейі жатады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.