О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2025 года № 671 «Об определении перечня стратегических водохозяйственных и гидротехнических сооружений, в том числе которые могут быть переданы в имущественный наем (аренду) или доверительное управление»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2025 года № 671 «Об определении перечня стратегических водохозяйственных и гидротехнических сооружений, в том числе которые могут быть переданы в имущественный наем (аренду) или доверительное управление»
- Атауы (қаз.)
- «Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 776
- Қабылданған күні
- 27.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 27.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2026 I229438_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2600000776
- ЭКБ идентификаторы
- 229438
- Редакция идентификаторы
- I229438_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.09.2026 03:30
0
«Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесінде:
1-тармақта:
11) тармақша алынып тасталсын;
36) тармақша алынып тасталсын;
65) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 91-1), 91-2), 91-3), 91-4), 91-5), 91-6), 91-7), 91-8) және 91-9) тармақшаларымен толықтырылсын:
«91-1) Шағалалы өзеніндегі Шағалалы су қоймасы;
91-2) Күрті өзеніндегі Күрті су қоймасы;
91-3) Қарақоңыз өзеніндегі Қарақоңыз су қоймасы;
91-4) Қақпатас өзеніндегі Қақпатас су қоймасы;
91-5) Шабақты өзеніндегі Ынталы су қоймасы;
91-6) Бүркітті өзеніндегі Бүркітті су қоймасы;
91-7) Тамды өзеніндегі Жартас су қоймасы;
91-8) Желқуар өзеніндегі Желқуар су қоймасы;
91-9) Бесарық су қоймасы (таудағы жылғада);»;
2-тармақта:
29) тармақшаға орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) Қонаев;»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-11) тармақшамен толықтырылсын:
«1-11) Түркістан облысы Ордабасы ауданында Боралдай өзеніндегі Боралдай су қоймасы;».