Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос малого ручья, родников и руслового пруда на участке культурно-досугового центра в 23 жилом районе города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос малого ручья, родников и руслового пруда на участке культурно-досугового центра в 23 жилом районе города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар, бұлақтар және арналық тоғанның су қорғау аймақтарын және су қорғау белдеулерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 02.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2016 101203_67896.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16V0004465
- ЭКБ идентификаторы
- 101203
- Редакция идентификаторы
- 101203_67896
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:11
0 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар, бұлақтар және арналық тоғанның су қорғау аймақтарын және су қорғау белдеулерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар мен бұлақтар үшін су қорғау аймақтарын және белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар, бұлақтар және арналық тоғанның су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар, бұлақтар және арналық тоғанның су қорғау аймақтары аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М. М. Құсаинов) «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар мен бұлақтар үшін су қорғау аймақтарын және белдеулерін белгілеу»жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға берсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Р. Сүлейменов
2016 жылғы « 3 » 03
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2016жылғы « 2 » 03
7 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар, бұлақтар және арналық тоғанның су қорғау аймақтары және су қорғау белдеулері
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016жылғы « 2 » наурыздағы
№ 49 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар, бұлақтар және арналық тоғанның су қорғау аймақтары және су қорғау белдеулері
Су объектілері
Қаралып отырған ұзындық, км
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Шағын бұлақ, арналық тоған
Жағалау сызығы
Шекарасының
ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені,м
Шекарасының ұзындығы,
км
Ауданы,
га
Ені,м
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жылғалар,шағын бұлақ және арналық тоған
Шағын бұлақ-0,053,
арналық тоған-0,055
Арналық тоған-0,155
0,315
3,26
50-140
0,325
0,37
5,0-35,0
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданындағы мәдени-демалыс участкесінде шағын жылғалар мен бұлақтар үшін су қорғау аймақтарын және су қорғау белдеулерін белгілеу»жобасының картографиялық материалында көрсетілген.