Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о размере государственной пошлины и порядке ее взыскания при рассмотрении хозяйственных споров между субъектами хозяйствования разных государств от 24 декабря 1993 года

Заң · № 87-V · қабылданған 03.04.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-1993/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о размере государственной пошлины и порядке ее взыскания при рассмотрении хозяйственных споров между субъектами хозяйствования разных государств от 24 декабря 1993 года Қолданыста Заң ·№ 87-V ·03.04.2013
03.04.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о размере государственной пошлины и порядке ее взыскания при рассмотрении хозяйственных споров между субъектами хозяйствования разных государств от 24 декабря 1993 года

Қолданыста Заң ·№ 87-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о размере государственной пошлины и порядке ее взыскания при рассмотрении хозяйственных споров между субъектами хозяйствования разных государств от 24 декабря 1993 года
Атауы (қаз.)
1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
87-V
Қабылданған күні
03.04.2013
Көрсетілген редакция
03.04.2013 AI71848_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1300000087
ЭКБ идентификаторы
71848
Редакция идентификаторы
AI71848_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:20

0 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалған 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлi мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзуші субъектiлерi арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезiндегі мемлекеттiк баждың мөлшерi мен оны өндiрiп алу тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлi мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзуші субъектiлерi арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезiндегі мемлекеттiк баждың мөлшерi мен оны өндiрiп алу тәртiбi туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлi мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзуші субъектiлерi арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезiндегі мемлекеттiк баждың мөлшерi мен оны өндiрiп алу тәртiбi туралы келiсiмге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттер көрсетілген Келiсiмнiң 2 және 3-баптарына өзгерістер енгізіп, оларды мынадай редакцияда жазуға уағдаласты:
«2-бап
Дауларды шешу кезінде әртүрлі мемлекеттердің аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғау үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз ету мақсатында мына бағада (Ресей Федерациясының рублiнде) талаппен басқа мемлекеттің сотына жүгінген кезде мемлекеттік баждың мынадай мөлшерлемелері белгiленсiн:
10 мың рубльге дейiн – талап-арыз бағасынан 3 %;
10 мың рубльден астам 50 мың рубльге дейiн – 300 рубль + 10 мың рубльден асатын сомадан 2,5 %;
50 мың рубльден астам 100 мың рубльге дейiн – 1 мың 300 рубль + 50 мың рубльден асатын сомадан 2 %;
100 мың рубльден астам 500 мың рубльге дейiн – 2 мың 300 рубль + 100 мың рубльден асатын сомадан 1,5 %;
500 мың рубльден астам 1 млн. рубльге дейiн – 8 мың 300 рубль + 500 мың рубльден асатын сомадан 1 %;
1 млн. рубльден астам – 13 мың 300 рубль + 1 млн. рубльден асатын сомадан 0,5 %.
Егер талап қойылған мемлекеттің заңнамасында мемлекеттік баждың аз мөлшері белгіленбесе, мүліктік емес сипаттағы талап арыздан мемлекеттік баж 500 рубльге балама мөлшерде өндіріп алынады.
Сот шешімдерін (қаулыларын) қайта қарау туралы өтініштерден мемлекеттік баж:
мүліктік сипаттағы даулар бойынша – өтініш беруші даулап отырған соманың негізінде есептелген мемлекеттік баж сомасының 50 %-ы мөлшерінде, бірақ 250 рубльден кем емес;
мүліктік емес сипаттағы даулар бойынша – мүліктік емес сипаттағы талап арыз берген кезде төленуі тиіс мемлекеттік баж сомасының 50 % мөлшерінде алынады.
3-бап
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сот-төрелік органдарына мемлекеттік баж төлеу кезінде Ресей Федерациясының рублі (бұдан әрі – рубль) бірыңғай ақша баламасы ретінде белгіленсін. Ұлттық валюталардың рубльге қатысты бағамдарын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық банктері айқындайды. Егер талап арыздар Келісімге қатыспайтын мемлекеттің валютасында көрсетілген болса, онда талап қоюдың рубльмен көрсетілген бағасы Ресей Федерациясының Орталық банкі мемлекеттік баж төлеу күніне белгілеген бағам бойынша қайта есептеле отырып айқындалады.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сот-төрелік органдарына мемлекеттік баж төлеу сот орналасқан мемлекеттің ұлттық валютасында не Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық банктері мемлекеттік баж төлеу күніне айқындайтын ұлттық валюталардың бағамдары бойынша қайта есептеле отырып, Ресей Федерациясының рублінде жүргізіледі. Мемлекеттік бажды өзге валютада төлеу сот орналасқан мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі.».
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Келісімге қатысушы мемлекеттердің орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді. Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Келісімге қатысушы мемлекеттер үшін осы Хаттама депозитарий тиісті хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жіберетін Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады.
Осымен қоса беріліп отырған мәтін 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қабылданған 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың дәлме-дәл көшірмесі болып табылатынын растаймын.
2010 жылы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың қазақ тіліне аудармасы дұрыс екендігін растаймын.

Қолданыстағы