Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 1998 года N 135

Қаулы · № 73 · қабылданған 21.01.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-1998-n-135/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 1998 года N 135 Күшін жойған Қаулы ·№ 73 ·21.01.2002
31.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 1998 года N 135

Күшін жойған Қаулы ·№ 73 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 1998 года N 135
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
73
Қабылданған күні
21.01.2002
Көрсетілген редакция
31.12.2008 AI11005_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020000073_
ЭКБ идентификаторы
11005
Редакция идентификаторы
AI11005_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:20

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2008 N 1332 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану және Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын келісім-шарт негізінде ауыстыруды жеделдету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 6, 36-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын келісім-шарт негізінде ауыстыруды жеделдету жөніндегі шаралар туралы";

2 2) кіріспедегі "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

3 3) 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - Құзыретті органдар) жер қойнауын пайдалану құқығына бұрын берілген лицензияларда белгіленген жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарын жасасу мерзімдерін жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауына бақылау орнатсын. Жер қойнауын пайдалану келісім-шарты белгіленген мерзімдерде жасалмаған жағдайда, келісім-шартты жасаспау жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен болмаған немесе дәлелді себептерден туындаған жағдайлардан басқа, Құзыретті органдар оларды қайтарып алу жөніндегі шараларды қабылдасын.
2. Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарын жасасқанға дейін пайдалы қазбалар өндіріп алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджеттің кірісіне роялти түріндегі аударымдардың қоса беріліп отырған мөлшерлері бекітілсін.";

4 4) 3-тармақта:

"роялтидің есебіне" деген сөздер "роялти түрінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және "Мұнайға, газға және көмірге тіркелген (ренталық) төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 маусымдағы N 764 қаулысымен белгіленген ставкалар бойынша тіркелген (ренталық) төлемдер" деген сөздер алынып тасталсын;

5 5) 4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

6 6) көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасасқанға дейін, бұрын Жер қойнауын қорғау және минерал-шикізат базасын қалпына келтіру жөніндегі республикалық қорға төлем жасаған жер қойнауын пайдаланушылар үшін республикалық бюджеттің кірісіне аударымдардың ставкасында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасасқанға дейін, пайдалы қазбалар өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін республикалық бюджеттің кірісіне роялти түріндегі аударымдардың мөлшерлері";
1-бағандағы "қазбалар" деген сөзден кейін ", оның ішінде сирек кездесетін" деген сөздермен толықтырылсын;
2-баған алынып тасталсын;
3-бағандағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Аударымдар ставкалары, пайызбен".

2 2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы