О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 декабря 1998 года № 470 "Об утверждении Положения о военно-врачебной экспертизе и Правил медицинского освидетельствования в органах внутренних дел и внутренних войсках Министерства внутренних дел Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 декабря 1998 года № 470 "Об утверждении Положения о военно-врачебной экспертизе и Правил медицинского освидетельствования в органах внутренних дел и внутренних войсках Министерства внутренних дел Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнде әскери-дәрiгерлiк сараптамалау туралы ережелер мен Дәрiгерлiк куәландыру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N 470 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 237
- Қабылданған күні
- 24.05.2006
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2010 AI28026_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004240_
- ЭКБ идентификаторы
- 28026
- Редакция идентификаторы
- AI28026_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:23
0 "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнде әскери-дәрiгерлiк сараптамалау туралы ережелер мен Дәрiгерлiк куәландыру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N 470 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнде әскери-дәрiгерлiк сараптамалауды және медициналық куәландыруды жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнде әскери-дәрiгерлiк сараптамалау туралы ережелер мен Дәрiгерлiк куәландыру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N 470 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 716 болып тiркелген, N 2727 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 10 ақпандағы N 99 бұйрығымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
барлық мәтiн бойынша "IIББ, IIБ-нiң" деген аббревиатуралар "IIД-нiң" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнде дәрiгерлiк куәландыру ережесiнде (бұдан әрi - Ереже) (бейбiт және соғыс уақытында):
2 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кейбiр жағдайларда медициналық куәландыру кезiндегi тексерiлушi адамды жалпы бағалауда маңызы бар қосымша ақпарат алу үшiн полиграфты пайдалана отырып, арнайы психофизиологиялық зерттеу тек өзiнiң келiсiмiмен ғана қолданылады.";
Ережеге 1-қосымшада:
5-тараудың жиырма сегiзiншi абзацында:
"эхо-электроэнцефалографияны" деген сөзден кейiн ", арнайы полиграфты пайдалана отырып, арнайы психофизиологиялық зерттеудi" деген сөздермен толықтырылсын.