О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 декабря 1998 года № 470 "Об утверждении Положения о военно-врачебной экспертизе и Правил медицинского освидетельствования в органах внутренних дел и внутренних войсках МВД Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 декабря 1998 года № 470 "Об утверждении Положения о военно-врачебной экспертизе и Правил медицинского освидетельствования в органах внутренних дел и внутренних войсках МВД Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптамалау туралы ережелер мен Дәрігерлік куәландыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 139
- Қабылданған күні
- 14.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2010 AI39464_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005212_
- ЭКБ идентификаторы
- 39464
- Редакция идентификаторы
- AI39464_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:39
0 "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптамалау туралы ережелер мен Дәрігерлік куәландыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 19-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптамалау туралы ережелер мен Дәрігерлік куәландыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N 470 бұйрығына (N 716 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы N 99 (N 2727 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 мамырдағы N 237 (N 4240 болып тіркелген, 2006 жылғы 21 маусымда N 112 (1092) "Заң газетінде" жарияланған) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік сараптама туралы ережені және Бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары дәрігерлік куәландыру ережесін бекіту туралы";
1, 2-тармақтарда мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік сараптама туралы ереже (N 1 қосымша) бекітілсін.
2. Бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары дәрігерлік куәландыру ережесі (N 2 қосымша) бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа N 1 қосымшаның мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік сараптама туралы ереже";
көрсетілген бұйрыққа N 2 қосымшада:
мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
"Бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары дәрігерлік куәландыру ережесі";
40-тармақта:
бірінші абзацта "(бастапқы мен қайталама)" деген сөздер алынып тасталсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Алдын ала куәландыру өткізілгеннен кейін анықтама (Ережеге 9-қосымша) және медициналық куәландыру картасы үміткерді жолдаған кадр аппаратына әскери-дәрігерлік комиссия отырысының хаттамалар кітабына олардың берілгендігі туралы белгі қойылып, тапсырылады.";
үшінші абзац алынып тасталсын;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Алдын ала куәландыру кезіндегі зерттеу нәтижелері медициналық куәландыру картасының тиісті бағандарына енгізіледі.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Алдын ала куәландыру қабылдау емтихандарына дейін кем дегенде 4 ай бұрын жүргізіледі. Соңғы куәландыру оқу орындарына қабылдау өткізу кезінде жүргізіледі.";
48-тармақта "Сырттай оқу түріне, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
50-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Алдын ала куәландыру қорытындылары әскери-дәрігерлік комиссия отырысының хаттамалар кітабына енгізіледі. Оқуға түсуге жарамсыз деп танылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың амбулаторлық науқастың медициналық картасында қосымша диагнозының негіздемесі мен қорытынды көрсетіледі.";
60-тармақта "(бастапқы мен қайталама)" деген сөздер алынып тасталсын;
61-тармақ алынып тасталсын;
181-тармақтың 3)-тармақшасының бесінші абзацында "бастапқы және қайталама" және "қайталама куәландырудан соң" деген сөздер алынып тасталсын;
184-тармақта:
5)-тармақшасында ", сырттай нысанына" деген сөздер және "алғашқы" деген сөз алынып тасталсын;
соңғы абзацта "және сырттай" деген сөздер алынып тасталсын;
11-қосымшада:
"Картаның медициналық бөлігі" деген 2-бөлімде:
бірінші және екінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Атауы
Алдын-ала іріктеу
Соңғы іріктеу
1
2
3
";
"Әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы" деген 3-бөлімде:
3.1-тармақтың атауында "Бастапқы" деген сөз "Алдын ала" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қайталама медициналық куәландыру" 3.2.-тармақ алынып тасталсын.