О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 июня 1998 года № 592
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 июня 1998 года № 592
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1317
- Қабылданған күні
- 22.12.1998
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2013 AI1870_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P980001317_
- ЭКБ идентификаторы
- 1870
- Редакция идентификаторы
- AI1870_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:25
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органның орталық аппараты қызметкерлерінің өзі тұрып жатқан қызметтікке теңестірілген тұрғын үйді сатып алу шартының нысанын бекіту туралы" 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органның орталық аппараты қызметкерлерінің өзі тұрып жатқан қызметтікке теңестірілген тұрғын үйді сатып алу шартында:
3-тармақтың бірінші және үшінші абзацтарындағы "мемлекеттік қызметте" деген сөздер "басқа мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметте, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Қызметкер бюджеттік несиені ресімдеген кезде агент банк үшін тұрғын үй сатып алу шартының қосымша (төртінші) данасы жасалады".