Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 года N А-202 "Об утверждении Правил проведения конкурса на занятие вакантной административной государственной должности"

Бұйрық · № 02-01-02/80 · қабылданған 21.06.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-1999-n-202-ekb-24501/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 года N А-202 "Об утверждении Правил проведения конкурса на занятие вакантной административной государственной должности" Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/80 ·21.06.2005
19.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 года N А-202 "Об утверждении Правил проведения конкурса на занятие вакантной административной государственной должности"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/80 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 года N А-202 "Об утверждении Правил проведения конкурса на занятие вакантной административной государственной должности"
Атауы (қаз.)
"Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02-01-02/80
Қабылданған күні
21.06.2005
Көрсетілген редакция
19.03.2013 AI24501_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003694_
ЭКБ идентификаторы
24501
Редакция идентификаторы
AI24501_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:36

0 "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 1550 Жарлығын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 986 тіркелген (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2000 жылғы 18 қаңтардағы N 02-1-7/3 - N 1043 тіркелген; 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16 - N 1066 тіркелген; 2000 жылғы 16 маусымдағы N 02-1-7/60 - N 1173 тіркелген; 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154 - N 1281; 2001 жылғы 6 маусымдағы N 02-2-4/98 - N 1544 тіркелген, 2001 жылғы 23 маусымда N 149-150 "Казахстанская правда" газетінде жарияланған; 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 - N 2268 тіркелген, 2003 жылғы 23 мамырда N 123-124 "Егемен Қазақстан", 2003 жылғы 23 мамырда N 150-151 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің қағидасында:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін конкурс комиссиясының құрамына мемлекеттік органның әр түрлі бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ мемлекеттік орган басшысының шешімімен өзге де адамдар енгізіледі.";
мынадай мазмұндағы 23-2 тармақпен толықтырылсын:
"23-2. Конкурс комиссиясы әр жарияланған бос мемлекеттік әкімшілік лауазым үшін сол лауазымға талаптанған үміткерлерге міндетті тәртіпте және бірдей көлемде қойылатын сұрақтардың тізбесін бекітеді.";
42-1 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Хаттаманың толықтығын қамтамасыз ету үшін конкурс комиссиясы және үміткер техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Бұл ретте техникалық жазба құралдарын қолдану конкурс комиссиясы отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс. Хаттамада бұл құралдардың қолданылғаны туралы белгі жасалады.";
мынадай мазмұндағы 52-1 тармақпен толықтырылсын:
"52-1. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң шешімін алған үміткерлердің тізімі конкурс өткізілгеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетіндей жерлерге ілінеді.";
56-тармақта:
"ұсына алады" деген сөздер "ұсынады" деген сөзбен ауыстырылсын;
"толық немесе жартылай" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Сіз мынадай:
1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;
2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысты лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба ______________________________________".

2 2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы