Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 года N А-202

Бұйрық · № 98 · қабылданған 05.06.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-1999-n-202-ekb-9200/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнения и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 года N А-202 Күшін жойған Бұйрық ·№ 98 ·05.06.2001
19.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 года N А-202

Күшін жойған Бұйрық ·№ 98 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 года N А-202
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
98
Қабылданған күні
05.06.2001
Көрсетілген редакция
19.03.2013 AI9200_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V010001544_
ЭКБ идентификаторы
9200
Редакция идентификаторы
AI9200_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:45

0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/32 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 4 маусымдағы "Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Заңына және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 11 мамырдағы N 605 Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Әдiлет министрлігiнде 1999 жылғы 30 қарашада N 986 тiркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттiгi төрағасының 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына төмендегідей толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

Көрсетілген Бұйрықпен бекiтiлген Бос әкiмшілiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасына:
2-тармақ "(одан әрi - уәкiлеттi органы)" деген сөздерден кейiн "лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Конкурсты орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi және ведомоствалар өткiзген кезде хабарландырулар ресми басылымдарда жарияланады. Жергiлiктi мемлекеттiк органдардың конкурс өткiзу туралы хабарландырулары облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) мәслихаттары мен әкiмдерi ресми жарияланымдар үшiн белгіленген газеттер мен өзге де мерзiмдi басылымдарда жарияланады.";
19-тармақта:
бiрiншi абзац алынып тасталсын;
екiншi абзацтағы "бiр жолы" және "жоғарыда аталған мемлекеттiк органдармен" деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi абзац алынып тасталсын.

2 2. Осы бұйрық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы