Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Правила выпуска и использования платежных карточек в Республике Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2000 года N 331

Қаулы · № 328 · қабылданған 02.09.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2000-n-331-ekb-10308/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Правила выпуска и использования платежных карточек в Республике Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2000 года N 331 Күшін жойған Қаулы ·№ 328 ·02.09.2001
31.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Правила выпуска и использования платежных карточек в Республике Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2000 года N 331

Күшін жойған Қаулы ·№ 328 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Правила выпуска и использования платежных карточек в Республике Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2000 года N 331
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
328
Қабылданған күні
02.09.2001
Көрсетілген редакция
31.08.2016 AI10308_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V010001667_
ЭКБ идентификаторы
10308
Редакция идентификаторы
AI10308_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:35

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 V001260_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн, Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiнiң 35-тармағының қолданылуы 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатылсын.

3 3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден
өткiзiлген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны және
Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану
ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды екiншi деңгейдегi банктерге және
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

5 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
Келісілген:
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрлігі
28 қыркүйек 2001 ж.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
3 қыркүйектегі N 328 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және
пайдалану ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 V001260_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1. 3-тармақ мынадай редакциядағы 22-1)-тармақшасымен толықтырылсын:

"22-1) банкомат - төлем карточкаларын ұстаушыларға қолма-қол ақшаны алуға және төлем карточкаларын пайдалана отырып банктiң басқа да қызметiн пайдалануға мүмкiндiк беретiн электронды-механикалық құрылғы.".

2 2. 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"20. Заңды тұлғаның - Қазақстан Республикасы резидентiнiң карт-есепшотқа/карт-есепшоттан (бұдан әрi - заңды тұлғаның карт-есепшоты) шетел валютасындағы ақшаны есептеуге/алуға тек қана Қазақстан Республикасынан тыс iссапар және өкiлдiк шығыстарды жүзеге асыру және резидент еместерге жалақы төлеу мақсатында рұқсат етiледi. Сонымен бiрге заңды тұлғаның карт-есепшотына шетел валютасындағы ақшаны есептеуге оның корпоративтi төлем карточкасын пайдалану кезiнде туындаған берешегiн өтеу мақсатында рұқсат етiледi.".

3

3. 21-тармақтағы "корпоративтi төлем карточкасын ұстаушыны Қазақстан Республикасынан тыс iссапарға жiберу туралы бұйрықты және өзге де растайтын құжаттарды" деген сөздер "корпоративтi төлем карточкасын ұстаушыны Қазақстан Республикасынан тыс iссапарға жiберу туралы бұйрықты және өзге де растайтын құжаттарды немесе резидент еместерге жалақының төленгенiн растайтын құжаттарды, немесе корпоративтi төлем карточкасын пайдалану кезiнде туындаған берешектiң болуын растайтын құжаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын.

4 4. 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"34. Ұстаушы төлем карточкасын тауарды, қызметтi сатып алу, сондай-ақ қолма-қол ақша алу, валюта айырбастау және оның эмитентi белгiлеген Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн талаптарда басқа да операциялар кезiнде төлем жасау мақсатында қолданады.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасау тауар және қызметтi сатып алу кезiнде төлем карточкасын немесе оның деректемелерiн пайдалана отырып төлем құжатын жасау арқылы жүзеге асырылады.".

5 5. Мынадай редакциядағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

"35-1. Төлем карточкаларын пайдалана отырып шетел валютасымен қолма-қол ақша беруге банкоматтарды пайдаланбай уәкiлеттi банктерде, олардың филиалдарында және есеп айырысу-касса бөлiмдерiнде ғана рұқсат етiледi.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып банкоматтар арқылы шетел
валютасымен қолма-қол ақша алу тек қана халықаралық қатынасқа ашылған
әуежайлардың, порттардың және шекара асуларының кеден бақылауы аймағында
жүзеге асырылады.".

6 6. 42-тармақтағы "немесе айырбастау пунктiнiң" деген сөздер алынып

тасталсын.

7 7. 71-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай мазмұндағы сөйлеммен

ауыстырылсын:
"Банк Ұлттық Банкке өзi шығарған және қызмет көрсеткен төлем
карточкалары туралы мәлiметтердi ұсынады.".

Қолданыстағы