О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2000 года N 331 "Об утверждении Правил выпуска и использования платежных карточек в Республике Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2000 года N 331 "Об утверждении Правил выпуска и использования платежных карточек в Республике Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 361
- Қабылданған күні
- 01.09.2002
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2016 AI13283_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V020001984_
- ЭКБ идентификаторы
- 13283
- Редакция идентификаторы
- AI13283_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:51
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 V001260_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесіндегі:
35-1-тармақ алынып тасталсын;
46-тармақтың бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиялауына жататын валюта операциялары бойынша төлемдерді, сондай-ақ тиісті құжаттар (шарт, келісім-шарт, келісім және басқалар) негізінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар алмастыру көзделген экспорт-импорт операциялары бойынша баламасы бес мың американдық доллардан асатын сомаға төлемдерді жүзеге асыруға жол берілмейді.";
47-тармақтың екінші азатжолындағы "валюта" деген сөз алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3 3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігінің
Төрағасы
2002 ж. 14 қыркүйек