О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 24 октября 2001 года N 713
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 24 октября 2001 года N 713
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 24 қазандағы N 713 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1159
- Қабылданған күні
- 03.08.2003
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2009 AI16941_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U030001159_
- ЭКБ идентификаторы
- 16941
- Редакция идентификаторы
- AI16941_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:04
0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 24 қазандағы N 713 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысын оңтайландыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 24 қазандағы N 713 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жұмабеков - Қазақстан Республикасының Әділет
Оңалсын Исламұлы министрі, төрағаның орынбасары,
Комиссия мүшелері:
Ахметов - Ақмола облысы Целиноград ауданы
Ғабдол Есенбекұлы Романов селолық округінің әкімі,
Ахметова - Қазақстан Республикасы Президенті
Инна Маликовна Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің
сектор меңгерушісі,
Әзірханов - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының
Басшы Айнажақанұлы әкімі,
Байзатов - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Әбілсейітұлы Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау
бөлімі меңгерушісінің орынбасары,
Бексұлтанов - Қарағанды қалалық мәслихатының
Құдайберген хатшысы (келісім бойынша),
Бексұлтанұлы
Божанова - Қызылорда облыстық мәслихатының
Алмагүл Божанқызы хатшысы (келісім бойынша),
Веснин - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Виктор Николаевич Мәжілісі депутаты (келісім бойынша),
Жұмжаев - Оңтүстік Қазақстан облысы
Ғалым Құралбекұлы Шымкент қаласының әкімі,
Қарашолақов - Жамбыл облысы Меркі ауданының
Бағлан Жиенәліұлы әкімі,
Мигаль - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау
Анатолий Игнатьевич ауданы Арықбалық селолық округінің
әкімі,
Мырзахметов - Қазақстан Республикасы Ауыл
Асқар Исабекұлы шаруашылығы бірінші вице-министрі,
Өтебаев - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Мүсірәлі Смайылұлы Сенаты Экономика, қаржы және бюджет
комитетінің төрағасы (келісім бойынша),
Чиркалин - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Иван Федорович Мәжілісі Экономикалық реформа және
аймақтық даму жөніндегі комитетінің
төрағасы (келісім бойынша),
Шапауова - Атырау облысы Махамбет ауданы
Талшын Ғинаятқызы Сартоғай селолық округінің әкімі,
Шөкеев - Қостанай облысының әкімі,
Өмірзақ Естайұлы
"Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бауыржан Әлімұлы Министрінің орынбасары, төрағаның
орынбасары",
"Келімбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрі"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасы Президенті
Бауыржан Әлімұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
төраға",
"Келімбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрі,
төрағаның орынбасары";
аталған Комиссияның құрамынан: И.Н.Тасмағамбетов, А.С.Павлов, Б.Т.Ахметов, Ж.А.Досқалиев, Ә.М.Ермұханов, М.Т.Есенбаев, Б.Б.Жүзенов, З.Х.Кәкімжанов, Г.В.Ким, Г.Ж.Қарағұсова, Т.Қ.Қосмамбетов, Қ.Ы.Нағманов, Е.Ә.Өтембаев шығарылсын.
2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті