Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2001 года № 1359 "Об утверждении типовой формы публичного договора на хранение зерна между хлебоприемным предприятием и владельцем зерна"

Қаулы · № 942 · қабылданған 09.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2001-no-1359/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2001 года № 1359 "Об утверждении типовой формы публичного договора на хранение зерна между хлебоприемным предприятием и владельцем зерна" Күшін жойған Қаулы ·№ 942 ·09.09.2013
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2001 года № 1359 "Об утверждении типовой формы публичного договора на хранение зерна между хлебоприемным предприятием и владельцем зерна"

Күшін жойған Қаулы ·№ 942 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2001 года № 1359 "Об утверждении типовой формы публичного договора на хранение зерна между хлебоприемным предприятием и владельцем зерна"
Атауы (қаз.)
"Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
942
Қабылданған күні
09.09.2013
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI74316_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000942
ЭКБ идентификаторы
74316
Редакция идентификаторы
AI74316_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:20

0 "Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. «Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 475-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанында:
2-бөлімнің 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ұлттық стандарттарда, техникалық регламенттерде, техникалық шарттарда және нормативтiк құқықтық актілерде белгiленген сақтау шарттарын орындауға;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Иеленушiнiң талабы бойынша Иеленушiнiң астық қолхатына айырбасқа астықты босатуға жазбаша өтiнiмiн тiркеген сәттен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей өтiнiмде көрсетiлген астықтың көлемiн босатуды (тиеп жiберудi) бастауға және оны «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 және 40-баптарында және осы шарттың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, АҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерiне сәйкес аяқтауға міндеттенеді. Астықты босату (тиеп жiберу) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысымен бекiтілген Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларына сәйкес жүргiзiледi;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты жөндеу жүргiзуді тоқтатуға дейiн кемінде 45 күн бұрын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1569 қаулысымен бекiтілген Астықты сақтау қағидаларында белгiленген мерзiмнен аспауға тиiс жөндеу жүргiзу мерзiмдерiн көрсете отырып, астықты қабылдау мен босатудың (тиеп жiберудiң) мүмкiн еместігі туралы Иеленушiнi хабардар етуге;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысымен бекiтілген Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларына сәйкес астықты осы шартқа 1-қосымшада белгiленген сапалық көрсеткiштерге дейiн жеткiзу нәтижесiнде алынған астық қалдықтарын қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттенедi.»;
4-бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шарт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1569 қаулысымен бекiтілген Астықты сақтау қағидаларында айқындалған сақтау мерзiмдерiнен аспайтын, Иеленушiнiң талап етуiмен белгiленген мерзiмге жасалды және өзiнiң қолданысын Тараптар өздерiнiң мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда тоқтатады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы