Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 24 декабря 2001 года № 314 "Об утверждении Электросетевых Правил"

Бұйрық · № 175 · қабылданған 26.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2001-no-314/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 24 декабря 2001 года № 314 "Об утверждении Электросетевых Правил" Күшін жойған Бұйрық ·№ 175 ·26.07.2007
25.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 24 декабря 2001 года № 314 "Об утверждении Электросетевых Правил"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 175 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 24 декабря 2001 года № 314 "Об утверждении Электросетевых Правил"
Атауы (қаз.)
"Электр тораптық ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 314 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
175
Қабылданған күні
26.07.2007
Көрсетілген редакция
25.10.2013 AI34678_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004859_
ЭКБ идентификаторы
34678
Редакция идентификаторы
AI34678_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:12

0 "Электр тораптық ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 314 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Тұтынушылардың электр қондырғыларын қосуға техникалық талаптар берудің мерзімдерін реттеу және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Электр тораптық ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 314 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1708 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің Бюллетенінде, 2002 ж., 25-28 нөмірлерінде жарияланған, "Электр желілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 314 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 16 қыркүйектегі N 222 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3106 болып тіркелген, 2005 жылғы 18 қарашадағы N 150-151 (775) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр желілік ережеде :
125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"125. Жалғаным тәртіптері және оны атқарудың болжалды мерзімдері
Іс-қи­мыл­дар
Мер­зі­мі
Орын­да­у­шы
1. Ре­сми өті­нім­ді бе­ру
0
Пай­да­ла­ну­шы
2. Жиын­тық қу­а­ты 1 МВт-қа дей­ін­гі объ­ек­ті­лер үшін пай­да­ла­ну­шы то­лық ақ­па­рат бер­ген жағ­дай­да то­лық ұсы­ныс (тех­ни­ка­лық шарт) бе­ру
1 ай
Элек­тр­же­лі­лік ком­па­ни­я­сы
3. Жиын­тық қу­а­ты 1 МВт-тан аса­тын (егер же­лі­ні кү­шей­ту­ді та­лап ет­пе­се) объ­ек­ті­лер үшін пай­да­ла­ну­шы то­лық ақ­па­рат бер­ген жағ­дай­да то­лық ұсы­ныс (тех­ни­ка­лық шарт) бе­ру
1,5 ай
Элек­тр­же­лі­лік ком­па­ни­я­сы
4. Жиын­тық қу­а­ты 1 МВт-тан аса­тын (егер же­лі­ні кү­шей­ту­ді та­лап ет­кен­де) объ­ек­ті­лер үшін пай­да­ла­ну­шы то­лық ақ­па­рат бер­ген жағ­дай­да то­лық ұсы­ныс (тех­ни­ка­лық шарт) бе­ру
2 ай
Элек­тр­же­лі­лік ком­па­ни­я­сы
5. Ұсы­ны­сты қа­был­дау
1 ай
Пай­да­ла­ну­шы
6. Ке­лі­сім­ге қол қою
1 ай
Элек­тр­же­лі­лік ком­па­ни­я­сы және Пай­да­ла­ну­шы
7. Қо­сы­л­ған объ­ек­ті­ні қа­был­дау
Ко­мис­сия құ­ра­мы: Элек­тр­же­лі­лік ком­па­ни­я­сы, Мем­энер­го­қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің өкіл­де­рі, Бас мер­ді­гер, пай­да­ла­ну­шы
8. Қо­су­ға рұқ­сат бе­ру
Мем­энер­го­қа­да­ға­лау
Ко­ми­те­ті
133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"133. Қосылымға берілген өтінішке жауап ретінде электржелілік компания айрықшамалармен (Техникалық шарттармен) бірге қосылымға ұсыныстарды әзірлеуді бастауы және өтінушіге дайын ұсынысты осы Ереженің 125-тармағында көрсетілген мерзімде беруі тиіс.
137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"137. Электр станциясын қосу ұсыныстарын даярлаған кезде электржелілік компания келесі шамаларды қарастыруы тиіс: әр-түрлі кернеудегі таратушы құрылғылар арасындағы ағындардың алдын ала мәні, өндіруші қондырғылардың кернеу сыныптары бойынша таралуы, қуат берудің электр түсімі және электр станциясынан шығатын әрбір кернеу сыныбының электр жеткізу желілерінің саны, электр энергиясының алмасу ағындарының сипаты мен көлемі";
144-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"144. Пайдаланушының қосылымға ұсынысын қарау (қабылдау) осы Ереженің 125-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес қабылданады немесе тараптармен айқындалуы мүмкін";
146-тармақтың бірінші сөйлемінде "алты айдың ішінде өтінушіге "объектіні электржелілік компанияға қосудың алдын ала ұсынысын" береді" деген сөздер "осы Ереженің 125-тармағында көрсетілген мерзімде өтінушіге объектіні электржелілік компанияға қосудың алдын ала Ұсынысын (алдын ала Техникалық шарттар) береді" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-қосымшаның төртінші абзацында "110 кВ-тық" деген сөздерден кейін "және одан төмен" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы