О внесений дополнений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 24 апреля 2002 года N 528 "Об утверждении Перечня должностей (профессий) авиационного персонала гражданской и экспериментальной авиации Республики Казахстан, подлежащих аттестации"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений дополнений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 24 апреля 2002 года N 528 "Об утверждении Перечня должностей (профессий) авиационного персонала гражданской и экспериментальной авиации Республики Казахстан, подлежащих аттестации"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестациялаудан өтуге тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2002 жылғы 24 сәуiрiндегi N 528 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 197
- Қабылданған күні
- 13.10.2004
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2011 AI21813_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003192_
- ЭКБ идентификаторы
- 21813
- Редакция идентификаторы
- AI21813_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:37
0
"Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестациялаудан өтуге тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2002 жылғы 24 сәуiрiндегi N 528 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы
Азаматтық авиация ұйымдарында радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалану және ұшуды электротехникалық қамтамасыз ететiн авиациялық мамандарды аттестациялауды өткiзудi ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестациядан өтуге тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 528 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестацияға тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесiне енгiзiлсiн (нормативтi-құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде 1858 нөмірмен тiркелген) келесi қосымшалар енгiзiлсiн:
Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестациядан өтуге тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесi келесi тармақтармен толықтырылсын:
"10. Радиолокация, радионавигация, байланыс жөнiндегi инженерлерге";
"11. Ұшуды электротехникалық қамтамасыз ету жөнiндегi инженерлерге";
"12. Радиолокация, радионавигация, байланыс жөнiндегi техниктерге";
"13. Ұшуды электротехникалық қамтамасыз ету жөнiндегi техниктерге".