О внесении изменения и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 сентября 2003 года № 704 "Об утверждении Правил деятельности организаций здравоохранения, оказывающих стационарную помощь"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 сентября 2003 года № 704 "Об утверждении Правил деятельности организаций здравоохранения, оказывающих стационарную помощь"
- Атауы (қаз.)
- "Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 704 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40
- Қабылданған күні
- 26.01.2007
- Көрсетілген редакция
- 26.11.2009 AI31744_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004537_
- ЭКБ идентификаторы
- 31744
- Редакция идентификаторы
- AI31744_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:09
0 "Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 704 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 47-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. "Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 704 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ережесінде:
3-тармақта:
3) тармақшадан кейінгі " . " деген тыныс белгісі";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) хоспис - аурудың ақтық (соңғы) сатысында жазылмайтын сырқаттарға білікті стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым;
5) медбикелік күтім жасау ауруханасы - егде және қартайған сырқаттарға, оның ішінде жазылмайтын патологиясы бар сырқаттарға стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым.";
мынадай мазмұндағы 18-22 - тармақшалармен толықтырылсын:
"18. Хосписте медициналық көмекті ұйымдастыру дәрігердің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады.
19. Медбикелік күтім жасау ауруханасындағы медициналық көмек орта медицина қызметкерінің басшылығымен жүзеге асырылады және стационар жағдайында емделушіні тұрақты дәрігерлік бақылаудың қажеттілігі болмаған жағдайда ұйымдастырылады.
20. Хосписке, көп бағдарлы және мамандандырылған аурухананың хоспистік бөлімшесіне жазылмайтын сырқаттарды емдеуге жатқызу үшін мыналар айғақтар болып табылады:
1) сырқатқа медициналық құжаттармен расталған онкологиялық, бүйрек, бауыр, жүрек-қан тамыры, неврологиялық немесе ақтық сатыдағы басқа да патологияның болуы;
2) сырқатқа білікті емдеу жүргізудің қажеттілігі;
3) сырқатты кейін амбулаториялық жағдайда емдеуге ауыстыру үшін қолдаушы ауырсындырмайтын, детоксикациялық немесе басқа да симптоматикалық терапияны таңдаудың қажеттілігі;
4) консультациялық, оның ішінде психотерапиялық көмекті ұйымдастырудың қажеттілігі;
5) паллиативтік хирургиялық араласуларды (лапароцентез, торакоцентез және басқа) жүргізудің қажеттілігі.
21. Медбикелік күтім жасау ауруханасына және көп бағдарлы немесе мамандандырылған аурухананың медбикелік күтім жасау бөлімшесіне сырқаттарды жатқызу үшін мыналар айғақтар болып табылады:
1) сырқаттың стационар жағдайында әрі қарай аяғына дейін емдеуді және оңалтуды талап ететін жағдайы, бірақ дәрігердің тұрақты бақылауынсыз;
2) үй жағдайында сырқатта тоқтатылмаған ауырсыну немесе басқа синдромның болуы;
3) дәрілік заттардың ұзақ және жиі трансфузиясының қажеттілігі;
4) таңуды жиі ауыстыру, жараны жуу және басқа да қол әрекеттерінің қажеттілігі;
5) сырқатқа білікті күтім жасаудың қажеттілігі;
6) мынадай әлеуметтік-психологиялық айғақтардың болуы: жазылмайтын науқастағы депрессиялық жағдай, реактивтік жағдай немесе отбасындағы жанжалды жағдай, сырқатқа күтім жасау үшін тұрмыстық жағдайдың болмауы және басқалар.
22. Стационарлық паллиативтік көмек тәуліктік медициналық бақылау арқылы жазылмайтын сырқаттарды білікті емдеу және оңалтуды қамтамасыз етеді".