Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 1051 "Об утверждении Правил аттестации педагогических работников"

Бұйрық · № 261 · қабылданған 26.04.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2004-n-1051-ekb-23777/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 1051 "Об утверждении Правил аттестации педагогических работников" Күшін жойған Бұйрық ·№ 261 ·26.04.2005
09.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 1051 "Об утверждении Правил аттестации педагогических работников"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 261 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 1051 "Об утверждении Правил аттестации педагогических работников"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051 "Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
261
Қабылданған күні
26.04.2005
Көрсетілген редакция
09.04.2008 AI23777_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003583_
ЭКБ идентификаторы
23777
Редакция идентификаторы
AI23777_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:49

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051 "Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051 "Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 3401-тіркеуден өткізілген) төмендегі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесінде:

1 1) 2-тармақтың 1-тармақшасы алынып тасталсын;

2 2) 6-тармақ "басқармалары (департаменттері)" деген сөздерден кейін ", аудандық (қалалық) білім және спорт бөлімдері" сөздерімен толықтырылсын;

3 3) 17-тармақ төмендегідей редакцияда жазылсын:

"17. Жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері (мұғалімдер) аттестаттаудан штаттық кестемен белгіленген және жеке еңбек шартында (жұмысқа қабылдау туралы бұйрық) көрсетілген лауазымы бойынша өткізіледі.
Педагогикалық қызметкер (мұғалім) оқытатын пәндер оның дипломында бір біліктілік ретінде (физика мен математиканың мұғалімі, химия мен биологияның мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, т.б.) көрсетілген пәндерге сәйкес болған жағдайда, аттестация дипломында көрсетілген біліктілігіне сәйкес пәндерден негізгі лауазымы бойынша бірдей санат берілуімен (бірінші санатты физика мен математика мұғалімі, химия мен биологияның мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, т.б.) өткізіледі.
Мемлекеттік тілді оқытатын, бірақ тиісті кәсіптік білімі жоқ педагогикалық қызметкерлер "Қазақ тілі" пәні бойынша аттестаттаудан өтуі керек.
Лауазымдарды қоса атқаратын барлық басқа жағдайларда педагогикалық қызметкер (мұғалім) қоса атқаратын лауазым бойынша осы Ережелердің 22-тармағының 3-тармақшасының 4 азат жолында көрсетілген шарттарға сай аттестаттаудан өтеді.";

4 4) 25-тармақ төмендегідей редакцияда жазылсын:

"25. Аттестаттау комиссиясының шешіміне келіспеген жағдайда аттестатталушы сот тәртібі арқылы шағымдануға құқылы.".

2 2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.

Қолданыстағы